2001-2002 жылдарда республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 қаңтар N 157

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған 2001-2002 жылдар кезеңінде республикалық 
деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі 
(бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген 
тәртіппен Тізбеде көрсетілген іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асырсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                    Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                    2001 жылғы 31 қаңтардағы
                                    N 157 қаулысымен бекітілген
     
        2001-2002 жылдар кезеңінде республикалық деңгейде өткізілетін
               мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі  
___________________________________________________________________________
Р/с    Мерейтойлар мен       Шешім     Орындалуына жауаптылар    Орындалу 
 N     атаулы күндердің                                           мерзімі  
           атауы     
___________________________________________________________________________
 1    Кенесары ханның      Үкімет     МАКМ, БҒМ, Астана          2001 жылғы
      200 жылдығы          қаулысы    қаласының, Ақмола          қыркүйек
                                      облысының әкімдері
___________________________________________________________________________
 2    "Қозы Көрпеш-        Үкімет     МАКМ, БҒМ, Шығыс           2001 жылғы
      Баян сұлу"           қаулысы    Қазақстан облысының        қараша
      эпосының                        әкімі
      1500 жылдығы                                                
___________________________________________________________________________
 3    Ғабит                Үкімет     МАКМ, БҒМ, Солтүстік       2002 жылғы
      Мүсіреповтың         қаулысы    Қазақстан облысының        наурыз
      100 жылдығы                     әкімі             
___________________________________________________________________________
 4    Тараз қаласының      Үкімет     МАКМ, БҒМ, Жамбыл          2002 жылғы
      2000 жылдығы         қаулысы    облысының әкімі            қазан
___________________________________________________________________________
 5    Ғабиден              Үкімет     МАКМ, БҒМ, Қарағанды       2002 жылғы
      Мұстафиннің          қаулысы    облысының әкімі            қараша
      100 жылдығы                           
___________________________________________________________________________
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.