Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 353 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу
жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999
жылғы 28 желтоқсандағы N 2005
қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 572-құжат) мынадай өзгерістер
енгізілсін:
1-тармақта:
мыналар Шетелдік ұйымдардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың
алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамына енгізілсін:
Жандосов - Қазақстан Республикасы
Ораз Әлиұлы Премьер-Министрінің
орынбасары, төраға
Әбіқаев - Қазақстан Республикасының
Нұртай Әбіқайұлы Сыртқы істер бірінші
вице-министрі
Зверьков - Қазақстан Республикасының
Вадим Павлович Көлік және коммуникациялар
вице-министрі
Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Қаржы вице-министрі
көрсетілген құрамнан Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы, Ахметов Әділ
Құрманжанұлы, Мәдиев Біржан Мұхаметжанұлы, Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы
шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.