Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мұрағат ісін
дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі осы Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстан Республикасында мұрағат
ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын екі ай мерзімде
әзірлесін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 26 қаңтардағы
N 146 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың
2001-2005 жылдарға арналған
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Кіріспе
Мұрағаттар барлық уақытта Қазақстан халқы құжаттық жадының асыл қазынасын сақтайды. Олар республика азаматтарының өткендi шолатын құжаттық ақпаратты қолайлы және көлемдi түрде алу құқығына қол жеткiзедi. Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару органдарының қызмет жүйесiн, республикалық және жергiлiктi деңгейдегi мемлекеттiк мұрағаттар, ведомстволық және жеке мұрағаттар торабын құрайтын мұрағат iсi саласы ұлттық тарихи-мәдени мұраның сақталуын, оны сақтауды және тиiмдi пайдалануды, соның iшiнде қоғамның экономикалық, әлеуметтiк және рухани дамуын ақпараттық қамтамасыз етуге мақсатына арналған.
Тұжырымдама мұрағат саласында мемлекеттiк саясаттың орта мерзiмдi бағдарлары мен ұзақ мерзiмдi басымдықтарын анықтайды және оларды iске асырудың практикалық жолдарын белгiлейдi. Тұжырымдаманың негiзгi мiндетi республика мұрағат жүйесiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн, "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасы Z980326_ Заңының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Орталықтағы және жергiлiктi жерлердегi мұрағат ісiн басқару органдары ұйымдастыру, экономикалық, қаржыландыру, ақпараттық және құқықтық қажеттi тетiктердi қолдана отырып, саланы реформалауды жүзеге асырады. Ұсынылатын іс-шараларды жүргiзу жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен өзара iс-қимылда кезең-кезеңiмен жүзеге асырылады.
1. Мұрағат ісiнiң қазiргi жай-күйi
Қазақстанның мұрағат жүйесiне нарықтық қатынасқа көшу, мұрағат iсiнiң заңдық негiзiнiң болмауы, бюджеттен қаржының болмашы бөлiнуi ауыр тидi. Мемлекеттiк мұрағат мекемелерi қызметкерлерiнiң саны екi еседей азайды, ведомстволық сақтауды ұйымдастыруда, іс жүргiзу қызметiнiң жұмысында қолайсыз ағымдар орын ала бастады. Олардың жағдайы мен әлеуметтiк мәртебесi бiршама төмендедi.
Саланың материалдық-техникалық базасы моральдық және физикалық тұрғыдан ескiрдi, қазiргi стандарттар мен талаптарға сай келмейдi. Жоғары және орталық мемлекеттiк органдардың құжаттарын сақтау үшiн мұрағат қоймаларында бос орындар да, жағдай да жоқ. Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк мұрағаты, Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар орталық мемлекеттiк мұрағаты, Ғылыми-техникалық құжаттама орталық мемлекеттiк мұрағаты, Мұрағаттық материалдарды ықшам фильмдерге түсiру және қайта қалпына келтiру орталық лабораториясы, Қазақстан Республикасы құжаттану және мұрағат ісi жөнiндегi ғылыми-техникалық ақпарат орталығы орналасқан ғимаратқа 30 жылдан астам берi күрделi жөндеу жүргiзiлмеген. Облыстарда мемлекеттiк мұрағаттар ғимараттарын салу 20 жылдан берi қолға алынбаған, Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағат ғимараты апатты жағдайда, Алматы облысы мен Астана қаласы мемлекеттiк мұрағаттарының өз үй-жайлары жоқ. Іс жүзiнде барлық дерлiк аудандық және қалалық мұрағаттар бейiмделген жайларда немесе басқа ұйымдардың үй-жайларында орналасқан.
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының ғимаратын салу мәселесi өз шешiмiн таппай отыр.
Мұрағат қоймаларын жабдықтау қазiргi қағидалар мен талаптарға сәйкес келмейдi. Олардың көпшiлiгiнде қазiргi заманғы өрт сөндiру, күзет және өртке қарсы белгi беретiн құралдар жоқ, құжаттарды сақтаудың қолайлы температуралық-ылғалдық режимiн ұстауға, олардың физикалық-химиялық сақталуын қамтамасыз етуге барлық уақытта мүмкiндiк бола бермейдi. Түпнұсқалардың жоғалу немесе бүлiну жағдайынан ақпаратты сақтап қалу мақсатында құжаттарды басқа материалға көшiру арқылы Ұлттық мұрағат қорының аса құнды бөлiгiн сақтауды қамтамасыз ету жұмысы тоқтап тұр.
90-шы жылдар ішiнде негiзгi құралдар, оның ішiнде компьютерлiк техника алуға қаржы бөлiнбедi. Орталық және облыстық мемлекеттiк мұрағаттардағы аздаған компьютерлiк және көбейткiш техника әкiмшiлiктер мен демеушiлердiң көмегi және халықаралық ұйымдардың гранттарының арқасында пайда болды.
Қазiргi жағдай экономикалық, әлеуметтiк-саяси түбегейлi өзгерiстер нәтижесiнде сақталатын құжаттама көлемiнiң шапшаң өсуiмен сипатталып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттiк ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату процесi құжаттардың елеулi бөлiгiн мемлекеттiк мұрағаттарға мерзiмiнен бұрын тапсыруға әкелiп соқты. Тек, 1991 жылдан берi Ұлттық мұрағат қорының әр түрлi көздердегi (басқару, кинофото және дыбыс жазбалар, ғылыми-техникалық, басқа да арнаулы құжаттама) көлемi 7,9-дан 15,1 миллион іске дейiн ұлғайды. Соның салдарынан, мемлекеттiк мұрағаттар мен олардың филиалдары көпшiлiгінiң қоймалары толу шегiнен асып кеттi немесе деңгейiне жақын қалды. Жоғарыда айтылғандар мемлекеттiк мұрағаттар қызметкерлерi штат санын қысқарту (осы мерзiм ішiнде екi еседей) ағымымен қоса Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекет пен қоғам мүддесi үшiн қалыптастыруға, сақтауға және пайдалануға жайсыз әсер етуде.
Құжаттарды пайдалану саласында құжаттық ақпаратқа қоғамның арта түскен қызығушылығы мен мұрағат мекемелерiнiң мүмкiндiктерi арасында сәйкессiздiк байқалады. Мұрағат мекемелерiнiң өз полиграфиялық базасы, жаңа компьютерлiк технологиясы, қазiргi заманға сай көрме жабдықтары болмай отыр. Отандастарға рухани-өнегелi тәрбие беру үшiн құжаттарды жариялауға, мұрағаттық ақпаратты пайдалануға мемлекет тарапынан мұрағатшыларға тиянақты тапсырыстар жоқ.
1998 жылы желтоқсан айында "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Заңның қабылдануы, 1999 жылдың мамыр айында басқару органы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң құрылуы келеңсiз процестердi тоқтатуға мүмкiндiк бердi. Осы кезеңде қабылданған шаралар мемлекеттiк мұрағат қызметiнiң жүйесiн, оның кадрлық әлеуетiн сақтауға және мемлекеттiк мұрағат мекемелерiнiң жаңа жағдайларға бейiмделуiне мүмкiндiк туғызды.
Дегенмен, мұрағат жүйесiн одан әрi реформалау тек мұрағат ісiн дамытудың нақты бағдарлары мен басымдықтарын анықтап алған кезде ғана мүмкiн болады.
2. Мұрағат iсiн дамытудың орта мерзiмдi бағдарлары
Мұрағат iсiн басқару органдары мен мемлекеттiк мұрағат мекемелерiнiң 2001-2005 жылдардағы практикалық жұмысы елiмiздiң ақпараттық-мәдени кеңiстiгінiң ажырамас бiртұтас бөлiгi ретiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын сақтау және молайту үшiн жүктелген маңызды мiндеттi орындауға бағытталады. Мемлекеттiк өкiмет органдарын өткендi шолатын құжаттық ақпаратпен қамтамасыз етуде билiк өкiлеттiгiн жүзеге асыру, басқару шешiмдерiн қабылдау және орындау, сондай-ақ қоғам мен азаматтардың ғылыми, мәдени және әлеуметтiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн олардың қызметiн жетiлдiру жұмысы жалғасады.
Көрсетiлген мақсатқа жету үшiн қалыптасып қызмет етiп тұрғанға барабар және болжанып отырған органдар жүйесi - Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi республикалық (агенттiк, комитет), жергiлiктi (басқарма, бөлiм) органдар, сондай-ақ мемлекеттiк мұрағаттар саласына ұйымдастыру-құрылым саясатын мемлекеттiк деңгейде тиiмдi жүргiзу қажет.
Қоғамда мұрағат саласының рөлiн және абыройын одан әрi көтеру үшiн мұрағаттық қызметтiң орнын анықтау, заңдар базасын әрi қарай әзiрлеу және жетiлдiру аса маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентiне "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының Z980326_ Заңына өзгерістер мен толықтырулар, Қазақстан Республикасының Yкiметiне сала қызметiнiң жеке бағыттарын реттейтiн: Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары шығару тәртiбi туралы ереже; Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының көшiрмелерiн сақтандыру қоры туралы ереже; Министрлiктерде, өзге де орталық атқарушы органдар мен ведомстволарда құжаттаудың және құжаттаманы басқарудың негiзгі ережелерi жөнiнде бiрқатар нормативтiк-құқықтық актiлердi ұсыну көзделедi. Мұрағат ісiн дамыту мәселелерiн заңдарға немесе өзге нормативтiк-құқықтық актiлерге, республикалық, салалық және аймақтық бағдарламаларға енгiзу мiндетi қойылады. Сонымен бiрге бiрқатар мемлекеттiк мұрағаттар мен мұрағаттық қорларды ұлттық-мәдени игiлiктер нысанасы және "Тарих және мәдениет ескерткiштерi жиынтығының" қатарында барлық мемлекеттiк мұрағаттарды аса маңызды мемлекеттiк нысана ретiнде Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiктiң тиiстi тiзiмдерiне енгiзу мәселесiн шешу керек. Саланың барлық нормативтiк құжаттарын Қазақстан Республикасының мұрағат iсi туралы заңнама негiзiне сәйкестендiру жоспарланады.
Талдау бойынша жақын арада мемлекеттiк сақтауға бiрiншi кезекте басқару құжаттамасы және Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" Z990493_ Заңының күшiне енуiне байланысты қызметкерлердiң еңбек ету қызметiн растайтын құжаттар мен олардың зейнеткерлiкпен қамтамасыз ету жөнiндегi аударылған ақшалары туралы мәлiметтерi жөнiндегi iстердi өткiзу арта түседi. Меншiктiң мемлекеттiк емес түрлерiнiң толықтыру көздерiмен қарым-қатынас орнату жөнiндегi келiсiм-шарттарға (келiсiмдерге) қол қойылып, Ұлттық мұрағат қорына түсетiн құжаттар көлемi ұлғаяды. Мемлекеттік мұрағаттар ғылыми-тарихи және мәдени құндылығы бар жеке мұрағаттардан құжаттарды табу және қабылдауды неғұрлым белсендi түрде жүргiзедi. Ауызша тарих саласында мемлекеттiк мұрағат мекемелерiнiң жұмысын жандандыру, белсендi құжаттандыру тәсiлi (сауалнама тарату, аудиожазба, бейне және фотоға түсiру) болжанады. Жинақтаудың тағы бiр ерекшелiгi өткендi шолатын ақпараттар шоғырын электронды көздер арқылы қабылдау. Ұлттық мұрағат қорының ғылыми-әдiстемелiк базасы құрылатын болады, онда әртүрлi көздердiң құжаттары сараптаудан, ірiктеуден және сипаттаудан өтедi. Әзiрленiп жатқан Типтiк тiзбе және құжаттардың сақтау мерзiмi көрсетiлген салалық тiзбелерi іске қосылатын болады. Ведомстволық мұрағаттарда ұйымдастыру-әдiстемелiк басқаруды жақсартудың қосымша шараларын жүргiзу және министрлiктерде, ведомстволарда құжаттармен жұмыс жасауды ұйымдастыру көзделiп отыр. Құжаттау мәселесiнде басқару технологиясын жетiлдiрудi, оның ішiнде іс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiрудi қамтамасыз ететiн нормативтiк және әдiстемелiк құжаттар пакетiн әзiрлеу және жұмыс практикасына енгiзу жоспарланады. Мемлекеттiк мұрағаттар заңды тұлғалардың iс жүргізушi және мұрағат қызметiнiң қызметкерлерi үшiн жүйелi түрде бiлiктiлiгiн арттыру курстары ұйымдастырылып, құжаттандыру мен құжаттарды басқарудың соңғы ағымдары туралы ғылыми-техникалық ақпараттар берiлiп тұруы тиiс.
1992 жылдың 6 шiлдесiндегі "Бұрынғы КСРО мемлекеттiк мұрағаттарына қатысты құқықтық мұрагерлiк туралы келiсiм" баптарына және "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сүйене отырып, әр жылдары елдiң аумағында пайда болған құжаттарды қайтару жөнiнде белгiленген тәртiп бойынша ұсыныс енгiзу, Қазақстан Республикасына тарихи байланысы бар құжаттарды іздестiру және алуды ұйымдастыру жұмыстары тұр. Шетел мұрағаттарынан Қазақстан тарихы бойынша ерекше бағалы құжаттардың көшiрмесiн алудың мақсатты бағдарламасы жасалатын болады.
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын орналастыру үшiн қосымша жай іздестiрiлiп, сондай-ақ аймақтық ведомствоаралық мұрағаттар түрiнде құжаттарды уақытша сақтау орталықтары құрылмақшы. Мұрағат қоймаларын телкөшiрме және басқа қажетсiз құжаттардан босата отырып, мемлекеттiк мұрағаттар қорларының құрамы мен мазмұнын оңтайландыру жалғасатын болады. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк мұрағатының ғимаратына жөндеу жүргiзiлiп, технологиялық жабдығы жаңартылатын болады. Бес жыл iшiнде республикалық мемлекеттiк мұрағаттарда құжаттарды сақтау жағдайын жақсарту, Алматы, Атырау, Ақмола (Көкшетау қаласы) облыстық мемлекеттiк мұрағаттарына, Астана қаласындағы Орталық мемлекеттiк мұрағатқа дербес ғимарат бөлiнуiне қол жеткiзу көзделiп отыр. Сақтандыру қорындағы құжаттарды көшiрудi қайта бастау, құжаттарды қайта қалпына келтiру мен бұзылудан сақтау жөнiнде кешендi жұмыстар жүргiзу үшiн қаржы көздерiн іздестiру керек. Неғұрлым бағалы және жиi қолданатын мұрағат құжаттарын көшiрмелеудiң ыңғайы және ретi қайта қаралады, сақтық көшiрмелердiң сапасына ерекше назар аударылады. Сақтық қор сақтау орталығын құрудың дайындық шаралары ретiнде Астана қаласына жақын орналасқан облыстық мемлекеттiк мұрағаттардың бiрiнiң базасында құжаттардың сақтық көшiрмелерiне арнаулы қойма ашу көзделедi.
Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының ғимаратын жобалауды аяқтау үшiн мемлекеттiк қаржыландыруға қол жеткiзу және оны Астанадағы құрылыс жоспарына енгiзу көзделедi.
Мемлекеттiк мұрағаттарды техникалық жабдықтау, қазiргi заманға сай мұрағаттық технологияны қолдану, компьютерлiк, көбейткiш техникаларды сатып алу бойынша жұмыс белсендiлiгi арттырылады. Мұрағаттарды орталықтандырылған құжаттану және мұрағат ісiн ақпараттандыру саласындағы жаңа әзiрлемелермен қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі мемлекеттік өкілетті басқару органы мен Құжаттану және мұрағат ісi бойынша ғылыми-техникалық орталық жүзеге асырады. Аталған Орталық Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау, өңдеу, есепке алу және пайдалану жөнінде мемлекеттiк нормативтер мен салалық стандарттар пакетiн дайындайды. Автоматтандырылған мұрағаттық технологияны енгізу, мұрағатаралық және мұрағат ішiнде тақырыптық есепке алу базасы мен деректер жиынтығын жүргiзу жөнiнде жұмысты қарқындату жоспарланып отыр. Құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету жөнiнде жаңа технологиялық регламенттер мен ұсынымдар әзiрленедi.
Қоғамды өткендi шолатын құжаттық ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша мұрағат мекемелерiнiң қызметi ақпараттық қызметтің нарық мониторингiсiнде құжатты пайдаланудың дәстүрлi және жаңа қалыптар мен әдiстерiн үйлестiредi. Құжаттар жинағын шығаруға дайындағанда ақпараттық қажеттiлiк факторынан шығу көзделедi, шығарылымға демеушi тарту мүмкiндiгi ескерiлуi керек. Коммерциялық көрмелерге көшудi бағдарлап, тақырыптық көрме жобаларын ұйымдастыру және өткiзуге басымдық сипат беру көзделедi. Осыған байланысты республиканың мемлекеттiк мұрағаттарында тұрақты көрмелер жасау (жаңалау), мұрағат құжаттарын сақтау бағасын анықтайтын мемлекеттiк комиссия ұйымдастыру қажет. Мұрағаттық ақпаратқа қол жеткiзудi кеңейту мақсатында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мұрағат құжаттарын құпиясыздандыруды аяқтау жоспарланады. Қоғамды Ұлттық мұрағат қорының құжаттарымен ақпараттандыру және оны Интернет жүйесiндегi ұлттық мұрағат қызметiнiң wеb-парағында пайдалану жалғасады.
Әдеттегiдей, Қазақстан Республикасы мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы азаматтарынан түсетiн, сондай-ақ шетелдердiң дипломатиялық өкiлдiктерi арқылы әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұранымдарын дер кезiнде және сапалы орындау жалғасады.
Қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында саладағы тұжырымдамалық мiндеттердi шешуге бағытталған бағдарламалар мен iшкi бағдарламаларды кеңейту көзделедi. Сақтаудағы құжаттама мен әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұранымдардың көлемiнiң көбеюi күн тәртiбiне мемлекеттiк мұрағаттар жүйесi мен штатын мiндеттi түрде сақтау мәселелерiн қояды.
Мұрағат мекемелерiнiң қызметiн мемлекеттiк емес қосымша қаржыландыру үшiн халықаралық ұйымдардың мүмкiндiктерiн де барынша пайдалану керек.
Саланың ерекшелiгi кадрлар әлеуетiн сақтау және күшейту жөнiнде қажеттi шараларды қабылдауды қажет етедi. Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi мемлекеттiк өкiлеттi органы мұрағат iсiнiң мамандарын дайындауға мемлекеттiк сұранымды қалыптастыруға қатысады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету бойынша кадрларды қайта дайындау және кәсiптiк деңгейін көтеруде базалық ұйымның мүмкiндiгiн пайдалану көзделедi. Мұрағатшылардың топтық (аймақтық) кеңестерiн және ғылыми-әдiстемелiк кеңес отырыстарын өткiзу, кадрларды қысқа мерзiмдi оқыту тәжiрибелерi қайта қолға алынады. Мұрағатшылардың әлеуметтiк қорғалуын күшейту жоспарланады, үздiк еңбек еткен қызметкерлердi моральдық және материалдық тұрғыдан марапаттау кеңiнен тәжiрибеге енедi.
Халықаралық институттар шегінде мұрағат ісi саласында шетелдермен ынтымақтастықты дамыту одан әрi жалғасады. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердiң мұрағаттық органдарымен мұрағаттық ақпараттық процестердi қалыптастыру, кадрларды даярлау, құжаттық шығарылымдар, ғылыми және қолданбалы зерттеулер мәселелерi бойынша ынтымақтастық және тұтыну туралы екi жақты халықаралық шарттар жасасу тәжiрибесi қайта жанданады.
3. Мұрағат iсiн дамытудағы ұзақ мерзiмдi басымдықтар
Ұзақ мерзiмдi сипаттың басты мақсаты Ұлттық мұрағат қорын осы заманғы талапқа жауап беретiн ақпарат жүйесiне айналдыру болып табылады. Қазақстан Республикасында құрылып жатқан бiртұтас ақпарат кеңiстiгiне енетiн ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, iздеу және беру процестерiн ақпараттық мұрағаттық технологиялар арқылы бiрте-бiрте автоматтандыру көзделуде.
Ұзақ мерзiмдi басымдық ретiнде мұрағат саласы қызметкерлерiнiң жағдайын жақсарту, кәсiби мамандық беделiн көтеру және ұлттық мұрағат қызметiнiң өткендi шолатын құжаттық ақпаратты тұтынушылар мен бiрiншi кезекте өкiлдi және атқарушы органдармен тұрақты өзара қарым-қатынасын орнату көзделуде. Әдеттегiдей, мемлекет мұрағат iсiн дамыту мен жетiлдiруге қамқор болады, мұрағат ісi мен құжаттануда бiртұтас мемлекеттiк саясат ұстанады.
Болашақта ведомстволық мұрағаттар әсiресе, мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерi мұрағаттары ұйымдық-техникалық жағынан нығайтылады деп күтiлуде. Бұлар Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттiк емес бөлiгiне жататын құжаттарды өңдеу, сақтау және сақтауды қамтамасыз ету мәселелерi бойынша кеңес алу, ғылыми-әдiстемелiк проблемаларды шешу қажеттiлiгiнен мемлекеттiк мұрағат мекемелерiмен байланыстарын бекiте түсуге тырысатын болады. Өз қызметiн ақылы негiзде жүргiзетiн (жеке құрам бойынша құжаттар мұрағаты, тұрақты және ауыспалы құраммен ведомствоаралық және аймақтық мұрағаттар, нотариат мұрағаттары және тағы басқалар) мұрағат iсiнiң мемлекеттiк емес секторы (немесе аралас нысаны) пайда болып, дами түсуi әбден мүмкiн.
Мұрағат ісiнiң заңдық негiзiн одан әрi жетiлдiру алда тұр, ол жаңа заңдар мен нормативтiк құқықтық кесiмдерде іске асырылады. Мұрағаттық ақпарат алмасу саласында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң (немесе мұрагерлерiнiң) заңдарын жақындастыра түсу жөнiнде жұмыс жүргiзiлетiн болады. Өзара мүдделiлік туғызатын құжаттарды көшiрiп алу және алмасу жөнiнде мемлекетаралық жұмыстар қызу қолға алынады. Қазақстан Республикасы халықаралық мұрағат қауымдастығына бiржола кiрiгедi. Республикада мұрағат қызметiнiң барлық бағыттары бойынша халықаралық стандарттар енгiзiледi.
Мұрағат ісiн дамыту бойынша бағдарламалар үшiн мақсатты бюджеттiк қаржыландырумен бiрге, ақылы жұмыс пен қызмет көрсету номенклатурасын кеңейту есебiнен бюджеттен тыс көздердi пайдалану, отандық және халықаралық қорлар гранттарын алу, ақпараттық іс-шараларға демеушiлiк қолдау ойластырылады.
Орталық мұрағат мекемелерiнiң құрылымы өзгерiске ұшырайды деп шамалануда. Қазiргiлерге қоса Жеке қорлардың мемлекеттiк орталық мұрағаты, Сақтандыру қорын сақтау орталығы, Сот және нотариалдық құжаттардың арнаулы мұрағаты, Құжаттану және жаңа технологиялардың ұлттық орталығы, кинозалы бар Орталық көрме залы пайда болады.
Астана және Алматы қалаларында, облыстар орталықтарында жаңа мұрағаттар ғимараттарын жобалау және салу басталмақ. Алда жоспарлы негiзде мұрағат қоймаларын инженерлiк коммуникация, қайта жаңғырту және күрделi жөндеуден өткiзу өртке қарсы қауiпсiздiк қызметi жүйесiн жаңарту, мұрағат ғимараттарын күзетудi күшейту жұмыстары тұр. Саланы техникалық жабдықтауды жақсарту, зертханалық, компьютерлiк, көбейткiш және басқа да жабдықтарды сатып алу жөнiнде шаралар қабылданды. Елде мұрағат iсiн ақпараттандырудың кешендi бағдарламасын әзiрлеу және жүзеге асыру қажет.
Сала үшiн кадрлар мәселесi мемлекеттiк тапсырыс бойынша Қазақстан Республикасы мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының жетекшi университеттерiнде тарихшы-мұрағатшы бейiнi мамандарын даярлау, елiмiздiң жоғарғы оқу орындарында мұрағаттану және іс жүргiзу арнаулы факультеттерiн ашу арқылы шешiлмек.
Құжаттық ақпаратты электронды көздерге, электронды-сандық технологияларға көшiру жөнiндегi жұмыстар ауқымы арта түседi деп болжануда. Алда электронды және өзге де жаңа көздердегi құжаттар үшiн арнаулы мұрағат қоймаларын құрастыру және салу тұр. Жоғарыда айтылғандар мұрағат ісi мен құжаттануда ғылыми-қолданбалы зерттеулердiң озық дамуын, мұрағат қызметi құрылымында арнаулы ғылыми орталықтың құрылуын белгiлейдi.
Қорытынды
Тұжырымдаманы іс жүзiне асыру үшiн мұрағат саласына мемлекеттiк
ұтымды қолдау қажет, ол елдiң рухани және мәдени дамуына, "Қазақстан -
2030"
стратегиясының мақсаттарын орындауға оң әсерiн тигiзедi.
Көзделген басымдықтар мен бағдарларды өмiрде жүзеге асыру орталық және
жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, мүдделi ұйымдардың, ғылыми және мәдени
жұртшылық кең ауқымының үйлестiрiлген күшiн-жiгерiн талап етедi.
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.