Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 мамырдағы N 652 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 қаңтар N 126. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.02. N 892 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Ұялы байланысты пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 мамырдағы N 652 қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін:
     1-тармақ "Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісіне," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасына," деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі