Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 қаңтар N 101

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983  

P980983_

  қаулысына 
мынадай өзгеріс енгізілсін:
     1-тармақтағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамы жаңа 
редакцияда жазылсын:
     
     "Жандосов Ораз             - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Әлиұлы                       Министрінің орынбасары, жетекші
     
     Құлекеев Жақсыбек          - Қазақстан Республикасының
     Әбдірахметұлы                Экономика және сауда министрі,
                                  жетекшінің орынбасары
     
     Есенбаев Мәжит             - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Төлеубекұлы                  министрі
     
     Кәкімжанов Зейнолла        - Қазақстан Республикасының
     Халидоллаұлы                 Мемлекеттік кіріс министрі
     
     Марченко Григорий          - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Александрович                Банкінің төрағасы (келісім бойынша)
     
     Жолдасбеков Азамат         - Қазақстан Республикасы Бағалы
     Мырзаданұлы                  қағаздар жөніндегі ұлттық
                                  комиссиясының төрағасы
                                  (келісім бойынша)
     
     Келімбетов Қайрат          - Қазақстан Республикасы
     Нематұлы                     Стратегиялық жоспарлау жөніндегі
                                  агенттігінің төрағасы
                                  (келісім бойынша)
     
     Ертілесова Жаннат          - Қазақстан Республикасы
     Жұрғалиқызы                  Президентінің Әкімшілігі
                                  Басшысының орынбасары 
                                  (келісім бойынша)
     
     Бәйменов Әлихан            - Қазақстан Республикасының Еңбек
     Мұхамедияұлы                 және халықты әлеуметтік қорғау
                                  министрі
     
     Имашев Берік               - Қазақстан Республикасының Табиғи
     Мәжитұлы                     монополияларды реттеу, бәсекелестікті
                                  қорғау және шағын бизнесті
                                  қолдау жөніндегі агенттігінің
                                  төрағасы"
     
     2. Экономика және сауда министрлігі бір айлық мерзімде Экономикалық 
саясат жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлесін және белгіленген тәртіппен 
Үкіметтің қарауына енгізсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.