Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 52 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 қаңтар N 93

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жобасын әзірлеу туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 52  

P000052_

  
қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
     1-тармақта:
     Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі 
ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
     
     Жандосов                - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Ораз Әлиұлы               Министрінің орынбасары, жетекші
     
     Құлекеев                - Қазақстан Республикасының Экономика
     Жақсыбек Әбдірахметұлы    және сауда министрі
     
     Бәйменов                - Қазақстан Республикасының Еңбек
     Әлихан Мұхамедияұлы       және халықты әлеуметтік қорғау министрі
     
     Еламанов                - Қазақстан Республикасының
     Болат Далдайұлы           Энергетика және минералдық ресурстар
                               бірінші вице-министрі
     
     Зверьков                - Қазақстан Республикасының Көлік
     Вадим Павлович            және коммуникациялар вице-министрі;
     
     көрсетілген құрамнан Ержан Әбілхайырұлы Өтембаев, Есберген Әбітайұлы 
Әбітаев, Серік Ахметжанұлы Аханов, Біржан Мұхаметжанұлы Мәдиев, Николай 
Владимирович Радостовец шығарылсын.
     
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
  
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.