Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 қаңтар N 67

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 шілдедегі Z000083_ Конституциялық заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мұражай) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      Мұражайдың жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдері Мұражайдың экспозициясын және қорларын қалыптастыруда қажетті көмек көрсетілуін қамтамасыз етсін.
      4. Мұражайды қаржыландыру Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне республикалық бюджетте 41 "Тарихи-мәдени құндылықтарды республикалық деңгейде сақтау" бағдарламасы бойынша көзделетін қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 500 P990500_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 164-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-2-жолмен толықтырылсын:
      "24-2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы";
      2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 P000229_ қаулысына:

     көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттің қаражаты 
есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы 
органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының 
лимитінде:
     6 "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім 
министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы 15".
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.