Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 17 қаңтар N 61

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясының мәртебесін қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдермен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы мемлекеттік орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) болып қайта ұйымдастырылсын. 

      2. Комитеттің негізгі міндеті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогтік кадрларды аттестаттау болып айқындалсын. 

      3. Комитеттің штат саны 45 бірлік болып белгіленсін. 

      4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бір айлық мерзімде Комитет туралы Ережені және оның құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын. 

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
      1) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1433  қаулысына :
      көрсетілген қаулымен бекітілген, 2000 жылдың 1 қаңтарынан қолданылатын Министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттеріндегі реттік нөмірі 6-жолда: "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 208" деген сөздер 
      "Қазақстан Республикасының Білім 251 
      және ғылым министрлігі, оның ішінде: 45"; 
      Жоғары аттестациялық комитет
      деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы қаулысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы  N 1754  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ережесінде: 
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: 
      "Министрліктің ведомствосы бар: Жоғары аттестациялық комитет"; 
      көрсетілген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: 
      реттік нөмірі 167-1-жол алынып тасталсын; 
      3) <*>
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі