Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 қаңтар N 51

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 U000507_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігі" бөлімінде реттік нөмірі 91-2-жол алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1693 P991693_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 489-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігі туралы ережедегі:
      1-тармақтың екінші абзацындағы "Геология және жер қойнауын қорғау комитеті" деген сөздер алынып тасталсын;
      11-тармақта:
      4) тармақшадағы "жер қойнауы" деген сөздер алынып тасталсын;
      7) тармақшадағы "оның ішінде республиканың минералдық-шикізат базасының" деген сөздер алынып тасталсын;
      11) тармақша алынып тасталсын;
      12) тармақшадағы "сондай-ақ жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 198 P000198_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 74-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи

ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарауындағы 
ұйымдардың тізбесінен:
     "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы РГАО" 
мемлекеттік мекемесі;
     Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мамандандырылған гравиметрикалық 
кәсіпорны" республикалық мемлекеттік кәсіпорны" деген жолдар алынып 
тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.