"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің Қаратау жеке әскерилендірілген кен апатынан құтқару отряды" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 қаңтар N 22

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің Қаратау жеке әскерилендірілген кен апатынан құтқару отряды" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметтеріне сұраныстың болмауына және оны ұстауға бюджеттік қаражаттың жоқтығына байланысты және Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің Қаратау жеке әскерилендірілген кен апатынан құтқару отряды" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын. 

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі шараларды қабылдансын. 

      3. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі:
      "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" бөліміндегі реттік нөмірі 30-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі