Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 желтоқсан N 1946

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 2000 жылғы 13 маусымда Душанбе қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы 
Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
       бірінші орынбасары
     
         
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы
    Үкіметінің арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы
                             Келісім* 
     
     *(2001 жылғы 7 мамырда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары 
                   бюллетені, 2002 ж., N 1, 14-құжат) 
     
     Бұдан әрі Тараптар деп аталып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен 
Тәжікстан Республикасының Үкіметі,


      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы

Үкіметінің арасындағы 1993 жылғы 13 қаңтардағы негізгі өзара қатынастар 
туралы шартты басшылыққа ала,
     және білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла 
отырып,
     төмендегідей келісімге келді:
     
                            1-бап
     
     Тараптар жоғары, бастауыш және орта кәсіптік білім жүйесі мен 
құрылымы, реформалар және жаңа білім беру технологиялары туралы 
ақпараттармен, оқу-әдістемелік материалдарымен алмасу арқылы 
ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.
     
                            2-бап
     
     Тараптар эквиваленттік алмасу түріндегі ынтымақтастықты жүзеге 
асыратын болады:
     - толық оқу курсына студенттермен;
     - лекциялар оқу үшін профессорлық-оқытушылық құраммен.
     Айырбас квотасы, мамандықтар тізбесі, лекциялар тақырыбы, мерзімдері 
және басқа да жағдайлары жыл сайынғы бірлескен Хаттамада айқындалады.
     
                            3-бап
     
     Тараптар бастауыш, орта кәсіптік және жоғары білім мекемелері 
арасындағы тікелей әріптестік байланыстарды ұлттық заңдарға сәйкес 
дамытатын болады.
     
                            4-бап
     


      Осы Келісімді іске асырудың жағдайын талқылау, ынтымақтастықты одан

әрі кеңейту және жетілдіру мақсатында Тараптар, қажет жағдайда, 3 (үш) күн 
мерзімге құрамында екі адам бар жұмысшы делегацияларымен алмасатын болады.
     
                            5-бап
     
     Оқушылар, студенттер, тәжірибеден өтушілер, ғылыми-педагогикалық 
қызметкерлер, жұмыс делегациялары мүшелерімен өзара алмасу Тарап 
мемлекеттерінің мүдделі ұйымдары арасындағы тікелей шарттарға сәйкес 
жүзеге асырылады. Онда жіберуші және қабылдап алушы жақтардың құқы, 
міндеті және жауапкершіліктері айқындалады.
     
                            6-бап
     
     Осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға байланысты туындайтын 
мәселелер консультациялар және келіссөздер жолымен шешілетін болады.
        
                            7-бап
     


      Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша осы Келісімге хаттамалар түрінде ресімделген, осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады. Олар жеке Хаттамалармен ресімделеді.

                              8-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны жөнінде соңғы жазбаша мәлімдемені алған күнінен бастап күшіне енеді.

      Осы Келісім 5 жыл мерзімге жасалады және Тараптардың бір де бірі

келесі Тарапқа кезекті бес жылдық мерзімнің бітуіне кем дегенде алты ай 
қалғанша оның қызметін тоқтату жөнінде жазбаша мәлімдеме жібермеген 
жағдайда, өзінен өзі келесі бес жылдық мерзімге ұзартылады.
     2000 жылғы 13 маусымда Душанбе қаласында екі дана түпнұсқада, 
әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде жасалынды, осы күйінде барлық 
мәтіндердің бірдей күші бар.
     Осы Келісім ережелерін түсіндіруде түсінбеушіліктер туындаған 
жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
     
     Қазақстан Республикасының        Тәжікстан Республикасының
        Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін
     
     Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.