1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 2-қосымшадағы:
үшінші жолдың 2 бағаны "2844" деген саннан кейін "(бөлінетін элементтері жоқ иондаушы сәулелену көздерінен басқа)" деген сөздермен толықтырылсын; 2) көрсетілген қаулыға 3-қосымшадағы: екінші жолдың 2 бағанындағы "(медиц. мақсаттағы көздерден басқа)" деген сөздер "(бөлінетін элементтері жоқ иондаушы сәулелену көздерінен басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) көрсетілген қаулыға 4-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: бөлінетін элементтері жоқ 284440 Қазақстан Республикасы Энергетика, иондаушы сәулелену көздері индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті"; 4) көрсетілген қаулыға 5-қосымшадағы: он екінші жол мынадай редакцияда жазылсын: бөлінетін элементтері жоқ 284440 Қазақстан Республикасы Энергетика, иондаушы сәулелену көздері индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Мамандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.