Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 желтоқсандағы N 1910. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.27. N 1404 қаулысымен

Күшін жойған

     Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243  P981243_   қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 45, 410-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
     "2000 жылдың 31 желтоқсаны бойынша квотаның көлемі" деген бағандағы "2000" деген сан "2002" деген санмен ауыстырылсын.  
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы 
     Премьер-Министрінің
     бірінші орынбасары