1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) құпия;
2) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P991037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Экспорты Қазақстан Республикасының
Үкіметі рұқсатының негізінде лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесіндегі: 2-бағандағы "Ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар және қондырғылар, арнаулы ядролық емес материалдар, радиоактивті қалдықтарды қосқандағы радиоактивті сәулелену көздері" деген жол "8401" деген саннан кейін "711041000" деген санмен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.