Батыс Қазақстан облысының тұқымдық несие бойынша берешегін өтеуінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 желтоқсан N 1843

Қолданыстағы

      Батыс Қазақстан облысында астық жинаудың жалпы көлемінің 1999 жылғы тұқымдық несие бойынша берешектiң толық өтелуiн қамтамасыз етуге жеткiлiксiз болып, мүмкiндiк бермеуiне байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. 1999 жылғы тұқымдық несие бойынша жалпы сомасы 4596 529 АҚШ долларына баламалы берешектiң қалдығын өтеудi 2003 жылға дейiн ұзарту туралы Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкiмi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) 2001 жылға арналған жергілiктi бюджеттi қалыптастыру кезiнде 1 596 529 АҚШ долларына баламалы сомада 1999 жылғы тұқымдық несие бойынша берешектiң қалдығын өтеуге арналған шығыстарды көздесiн;
      2) 2002 және 2003 жылдарға арналған жергiлiктi бюджеттi қалыптастыру кезiнде, оның шығыс бөлiгiне жыл сайын 1 500 000 АҚШ долларына баламалы сомада 1999 жылғы тұқымдық несие бойынша берешектiң қалдығын өтеуге арналған қаражатты енгiзу жөнiнде облыстық мәслихаттың келiсiмiн алу туралы облыстық мәслихатқа өтiнiш жасап, осыған байланысты тұқымдық несие бойынша берешектiң қалдығын белгiленген мерзiмде өтеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының 2-тармағы орындалған жағдайда:
      1) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамына "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - Қоғам) "1999 жылғы тұқым себу науқанына тұқымдық астықпен тауарлық несие беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 341 P990341_ қаулысын (бұдан әрi - Қаулы) орындау үшiн жасалған несиелiк шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы келiсiм жасау ұсынылсын;
      2) Қоғамға, Қаулыны орындау үшiн, Батыс Қазақстан облысының әкiмiмен

 

өзара жасасқан шартқа өзгерiстер енгiзу туралы онымен тиiстi келiсiм жасау

ұсынылсын.

     4. "Батыс Қазақстан облысының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан

Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 6 қазандағы N 1527 


P991527_
 

  қаулысының

күшi жойылды деп танылсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсiн.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



      Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.