"Kazakstan Airlines" ашық акционерлiк қоғамының Воеіng 767-200 ЕR әуе кемесiн сатып алуы мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Kazakstan Airlines" ашық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Заем алушы) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1389 P981389_ қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру ережесiнiң талаптарына сәйкес экономикалық сараптама жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне "Kazakstan Airlines" ашық акционерлiк қоғамының Воеing 767-200 ЕR ұшағын сатып алу инвестициялық жобасының техника-экономикалық негiздемесiн тапсыру ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
тартылған мемлекеттiк емес заем бойынша мiндеттемелердi Заем алушының орындауын қамтамасыз ету ретiнде кредиторға "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Z990473_ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Заңымен бекiтілген мемлекеттiк кепiлдiктердi беру лимитi шегiнде жалпы сомасы 35 000 000 (отыз бес миллион) АҚШ долларына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берсiн;
көрсетiлген мемлекеттiк кепiлдiктiң берiлуiне байланысты оның Қазақстан Республикасының алдында туындайтын мiндеттемелерiн қамтамасыз ету туралы Заем алушымен тиiстi келiсiмдер жасассын.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.27. N 1899
қаулысымен. P001899_
3. Заем алушы заңнамада белгіленген тәртiппен мемлекеттiк кепілдікті
алуға үміткер тұлғаларға қойылған талаптардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
4.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.30. N 1963
қаулысымен.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.27. N 1899
қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.