"Орал-Атырау" бекіре балығын өсіру зауыты" және "Атырау бекіре балығын өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 30 қараша N 1792

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті "Орал-Атырау" бекіре балығын өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Атырау" бекіре балығын өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорындар) қатысты уәкілетті мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті Кәсіпорындардың заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін және осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Мыналардың:
      1) "Орал-Атырау" бекіре балығын өсіру зауыты" және "Атырау бекіре балығын өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын Атырау облысының коммуналдық меншігіне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 739 P990739_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 252-құжат);
      2) "Орал-Атырау" бекіре балығын өсіру зауыты" және "Атырау бекіре балығын өсіру зауыты" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 909 P980909_ қаулысындағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 33, 295-құжат) 2 және 5 тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  

P960790_

  
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік 
кәсіпорындардың тізбесіндегі:
     "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны 
қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті" 
бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 305-14 және 305-15-жолдармен 
толықтырылсын:
      "305-14 "Орал-Атырау" бекіре балығын             Атырау қаласы
      өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік 
      қазыналық кәсіпорны 
      "305-15 "Атырау" бекіре балығын                  Атырау қаласы"; 
      өсіру зауыты" қазыналық кәсіпорны 


      2) "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелері туралы" 2000 жылғы 10 ақпандағы N 198 P000198_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 74-құжат):

     көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен 
толықтырылсын:
     "Орал-Атырау" бекіре балығын өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны".
     "Атырау" бекіре балығын өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны".
     5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
     
     
  Мамандар:
     Орынбекова Д.К.
     Қобдалиева Н.М.