Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы N 985 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 4 желтоқсан N 1791

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Дизель отынының экспортына уақытша шектеулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы N 985 P000985_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 326-құжат) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

     1-тармақтағы "2000 жылғы 1 шілдеден 1 желтоқсанға дейінгі" деген 
сөздер "2000 жылғы 1 шілдеден 2001 жылғы 1 ақпанға дейінгі" деген 
сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға 
жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi    
     
     Мамандар:
     Орынбекова Д.К.
     Қобдалиева Н.М.