Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 қараша N 1782

Жаңартылған

      Өнер саласында мамандар дайындауды тиянақты қаржылық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мына республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары қайта құру жолымен: 
      1) Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясы - "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы" мемлекеттік мекемесі; 
      2) Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы - "Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы" мемлекеттік мекемесі; 
      3) Қазақ ұлттық музыка академиясы - "Қазақ ұлттық музыка академиясы" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгіленген тәртіппен: 
      1) құрылатын мекемелердің жарғыларын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      2) көрсетілген мекемелердің штат саны шегін бекіту жөнінде ұсыныс енгізсін; 
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      3. Құрылатын мекемелерді қаржыландыру 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржылар шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790   қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: 
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімінде реттік нөмірлері 470-100, 470-139, 470-145-жолдар алынып тасталсын; 
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .
      5. Осы қаулы 20001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.   

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi