Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамыту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 қараша N 1778

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн дамыту және осы саладағы мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн дамытудың бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) және оны іске асыру жөнiндегi Iс-шаралардың жоспары бекiтiлсiн. 
      2. Мемлекеттiк инвестициялар есебiнен толық немесе ішінара қаржыландырылатын құрылыс объектiлерi мен кешендерiнiң техникалық-экономикалық негiздемелерi (ТЭН) мен жобаларын құрылыстың сметалық құны: 
      қолданылып жүрген бағамен 400 000 000 (төрт жүз мың) теңгеге дейiн болса, құрылысқа тапсырыс берушiлер бекiтедi; 
      қолданылып жүрген бағамен 400 000 000 (төрт жүз мың) және одан астам айлық есептiк көрсеткiш болса, олар Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс істерi жөніндегi комитетінің (бұдан әрi - Комитет) бекiтуiне жатады; <*>
       Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.20. N 462  қаулысымен .
      3. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi белгiленген тәртiппен тоқсан сайын Комитеттi күрделi құрылыс саласындағы, мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу мен құрылыс материалдарының экспорты-импорты аясындағы статистикалық материалдармен қамтамасыз етiп отырсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi құрылыстағы инвестициялық жобаларды қаржыландырудың сыртқы көздерiн тарту жөнiндегi жұмыстарды белсендi түрде жүргізсiн, Комитеттiң қатысуымен сыртқы инвесторлармен және кредиторлармен келiсiм-шарттарды әзiрлеу мен жасасу кезiнде отандық мердiгерлiк ұйымдар мен материал өндiрушiлердің мүдделерiн сақтауды қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.20. N 462  қаулысымен
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн. <*>
      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.20. N 462  қаулысымен .
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.27. N 907  қаулысымен
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Үкіметінің              
2000 жылғы 28 қарашадағы        
N 1778 қаулысымен            
бекітілген                

  Қазақстан Республикасында сәулет, қала
құрылысы мен құрылыс қызметін дамытудың
бағдарламасы

       Ескерту. Бағдарлама өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.20. N 462  қаулысымен .
       Ескерту. Бағдарлама өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.08.27. N 907  қаулысымен .

  1. Паспорт

1. Бағдарламаның      Қазақстан Республикасы Сәулет, қала
атауы:                құрылысы мен құрылыс қызметін дамытудың
                      бағдарламасы

2. Бағдарламаның      Қазақстан Республикасы Индустрия
әзірлеушісі мен       және сауда министрлiгінің Құрылыс iстерi
әкімшісі:             жөніндегi комитетi

3. Бағдарламаның      Қазақстан Республикасында Сәулет, қала
құрылымы:             құрылысы мен құрылыс қызметiн дамытудың
                      бағдарламасы паспорттан, кiрiспеден және
                      мынадай бағыттар бойынша секторлық
                      бөлiмдерден тұрады:
                      қала құрылысы;
                      күрделi құрылыс;
                      тұрғын үй құрылысы;
                      құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстар;
                      құрылыс материалдарының, бұйымдары мен
                      құрастырмаларының өндiрiсi;
                      нормативтiк-техникалық база;
                      қолданбалы ғылым және жобалау iсi;
                      мемлекеттiк басқару жүйесi.

                      Бөлiмдерде сектордағы істердiң қазiргi
                      жай-күйi мен проблемаларына қысқаша талдау
                      жасалған, мақсаттар мен мiндеттердi,
                      сондай-ақ саланы тұтас дамытуды қамтамасыз
                      ететiн iстiң жайын жақсартуды және
                      проблемаларды шешу жөніндегi қажеттi
                      шараларды белгiлейдi.

4. Бағдарламаны       Қазақстан Республикасында Сәулет, қала
іске асыру            құрылысы мен құрылыс қызметiн дамытудың
мерзімдері:           бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар
                      жоспары 2000-2005 жылдар ішiнде бiрiншi
                      кезектегi мiндеттердi шешуге бағытталған.    

                      инфрақұрылымды дамыту мен орналастыру
                      жүйесiмен қоса Қазақстан Республикасының
                      Аумағын ұйымдастырудың бас сызбасын әзiрлеу
                      бюджеттен қаржыландырылған жағдайда
                      2005 жылы аяқталады.

                      2005 жылға және одан кейiнгi жылдарға арналған
                      бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi
                      iс-шаралар жоспары бiрiншi кезектегi шаралар
                      аяқталғанда жасалатын болады.

5. Қаржыландыру       Бағдарламаны қаржыландыру Қазақстан
көлемi мен көздерi.   Республикасында сәулет, қала құрылысы мен
                      құрылыс қызметiн дамытуға республикалық
                      бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге
                      асырылады, жыл сайынғы көлем тиiстi қаржы
                      жылына арналған республикалық бюджеттi
                      қалыптастыру кезiнде нақтыланады: 2002 жылы -
                      63,0 миллион теңге, бөлiну болжанып отырған
                      2003 жылы - 249,0 миллион теңге, 2004 жылы -
                      167,2 миллион теңге, 2005 жылы - 131,6 миллион
                      теңге. <*>

  2. Кіріспе

      Елдің қоғамдық-саяси және экономикалық құрылысындағы өзгерiстер сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн жүзеге асыруда жаңа көзқарастарды талап етедi. Жаңа өндiрiстiк кешендер құрылысында, тұрғын үй мен әлеуметтік сала құрылысын дамытуда мемлекеттiң қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн отандық құрылыс салаларын көтеру және олардың сенiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдай туғызу қажет. 
      Бүгiнгi таңда, республика экономикасындағы айқын оң өзгерiстердiң нәтижелерiне қарамастан, құрылыс саласы жаңа тұрғын үй құрылысы көлемiнiң қанағаттанғысыз төмендеуiмен, негiзгi қорлардың моральдық тозуымен және жедел iстен шығуымен, жұмыссыздықтың өсуiмен, құрылыстық қызмет көрсетулер мен материалдар импортының артуымен сипатталады. 
      Сонымен бiрге, құрылыс белгiлi бiр жағдайларда ел экономикасын жеделдете өркендету негiздерiнiң бiрi бола алатын бәсекеге қабiлеттi отандық салалардың бiрi болып табылады. Осындай мақсатқа қол жеткiзу үшiн басты талаптардың қатарында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласында дәйектi мемлекеттiк саясат жүргiзу қажет деп танылады. 
      Қазақстан Республикасында Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн дамытудың осы Бағдарламасы 2030 жылға дейiнгi Қазақстан Республикасының Стратегиялық дамуын ескере отырып әзiрлендi және 2005 жылға дейiнгi кезеңге есептелген. <*>
      Бағдарламада саланы тұрақтандыруға және оны дәйектi көтеруге бағытталған iс-шаралар кешенi жазылған. 
       Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.20. N 462  қаулысымен .

  3. Қала құрылысы 

      Проблемалар 
      Елдi мекендердiң инфрақұрылымын жаңартудың және қоныстанбайтын аумақтарды игерудiң бұрынғы тетiктерiнiң (әлеуметтiк-экономикалық тетiктердi қоса алғанда) тоқтатылуы, сонымен бiр мезгiлде мемлекеттiк реттеу негiзiнде аумақтарда ұйымдастырудың, дамытудың, жайластыру мен оларға құрылыс салудың жаңа қағидаттарының болмауы белгiлi бiр келеңсiз зардаптарға әкеп соқтырады. 
     Нәтижесiнде, қала құрылысын салу саласында қазiргi уақытта мынадай проблемалар орын алуда:
     1) экологиялық (табиғатты қорғау және әлеуметтiк-экологиялық бағыттар);
     2) әлеуметтiк-экономикалық;
     3) елдi мекендердi дамыту мен аумақтарды игеру (жайластыру) серпiнiндегi әлеуметтiк-демографиялық;
     4) аумақтық-жоспарлау;
     5) жеке меншiк тұрғын үй қоры рыногының ғана көрiнiсiн танытатын жылжымайтын мүлiк рыногының жеткiлiксiз деңгейде дамуы.
     Мiндеттер
     Қала құрылысы саласындағы негiзгi мiндеттер халықтың өмір сүру және толыққанды тiршiлiк ету ортасын құру, қала құрылысы қызметi кезiнде аумақтарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту үшiн мемлекеттiк қала құрылысы саясатын қалыптастыру болып табылады.

     Iс-шаралар

     Аталған мiндеттердi iске асыру үшiн мынадай бағыттар белгiленген:
     1) Мемлекеттiк қала құрылысы саясатының әзiрленген тұжырымдамасын iс жүзiне асыру;
     2) "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңын қабылдау;
     3) инфрақұрылымды орналастыру мен дамыту жүйесiмен бiрге Қазақстан Республикасының Аумағын ұйымдастырудың бас сызбасын әзiрлеудi бастау; 
     4) Елдiң аумағын ұйымдастырудың бас сызбасының негiзiнде аумақты қала құрылысына жоспарлаудың, өндiрiстiк, көлiктiк, инженерлiк және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытудың аймақаралық және аймақтық кешендi сызбаларын әзiрлеудi ұйымдастыру; 
     5) қалаларды дамыту мен салуды, аумақтарды игеру мен жайластыруды реттейтiн бас жоспарлардың және басқа да қала құрылысы құжаттамасының негiзiнде жүзеге асыру; 
      6) республикалық, облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар) және аудандық деңгейлерде мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының жүйесiн қалыптастыру. 

  4. Күрделі құрылыс

      Проблемалар 
      Күрделi құрылыстағы инвестициялар немесе негiзгi қорларды құру мен ұдайы өндiруге арналған шығындар 1999 жылдың 12 айы iшiнде 243,1 миллиард теңге болды. Соңғы 3 жылдың iшiнде осы салада инвестициялардың бiршама өсуi байқалғанымен, 1990 жылдан берi орын алған күрделi құрылыс көлемiнiң он еседен астам қысқаруы, бiр жағынан, өнеркәсiптегi негiзгi қорлардың моральдық және табиғи тозуына, ал екiншi жағынан, құрылыс кешенiнiң күнi кеше ғана қуатты мүмкіндiктерiнiң сұранымсыз қалуына әкеп соқты. 

      Мiндеттер 
      Күрделi құрылысқа жұмсалатын инвестициялардың бәсекеге қабiлеттi қазiргi кәсiпорындардың негiзгi қорларының ұдайы өсуi мен елдiң экономикалық дамуының жоспарларында көзделген жаңа кәсiпорындардың құрылысын салуды қамтамасыз ететiн деңгейге дейiн арттыру. 

      Iс-шаралар 
      Инвестициялық ахуалды жақсарту мен сыртқы және iшкi инвестицияларды тарту үшiн тиiстi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде, оның iшiнде салық салу мәселелерi жөнiнде де дәйектi жұмыс жүргiзiлетiн болады. 
      Осы мақсаттарға орай Қазақстан Республикасының "Шетел инвестициялары туралы" және "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Заңдарын бiрiктiретiн және шетелдiк пен отандық инвесторлардың құқықтарын теңестiретiн "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы әзiрленетiн болады.
     Қазақстан Республикасының тиiстi Заңында көзделген тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қорғау саясаты дәйектi жүргiзiлетiн болады.
      Ескерту. 4, 5 абзацтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.05.17. N 534   қаулысымен .

  5. Тұрғын үй құрылысы

       Проблемалар
      Қазiргi уақытта республикадағы тұрғын үй қорының жалпы алаңы 253 млн. шаршы метрдi құрайды, саны 15 млн. адам халықтың бұл орта есеппен әр адамына 17 шаршы метрден келедi. Алайда, соңғы он жылдың ішінде тұрғын үй құрылысының көлемi ұдайы төмендедi және 1990 жылдағы 7,9 млн. шаршы метрден 1999 жылы 1,1 млн. шаршы метрге дейiн түстi, сонымен бiрге тұрғын үй қорын қарапайым ұдайы өсiру (сақтау) жағдайын негiзге алатын болсақ, жылына кем дегенде 3 млн. шаршы метр тұрғын үйдi пайдалануға беру қажет. Пәтер меншiк иелерi кооперативтерiне (ПМК-не) қарайтын көп пәтерлi тұрғын үйлердi күрделi жөндеу барлық жерде тоқтатылды деуге болады. 
      Нәтижесiнде, жылдан жылға халықтың көптеген санаттарының тұрғын үй проблемасы шешiлмеген күйiнде қалып отыр, тұтастай алғанда, тұрғын үй қоры тозды, апатқа ұшырау қаупi Жоғары және тозығы жеткен тұрғын үйлердің саны өстi, сондай-ақ құрылыс-монтаж ұйымдарының жұмыс көлемi күрт төмендедi. Жаппай құрылыс салудың алғашқы жылдарында тұрғызылған iрi панельдi үйлердi жаңғырту мен елімiздiң сейсмикалық қауiптi аймақтарындағы көптеген үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық төзiмдiлiгiн арттыру проблемалары өз шешiмiн талап етедi. 

      Мiндеттер 
      Тұрғын үй құрылысын дамыту және тұрғын үй қорын сақтау үшiн жағдайлар жасау. Тұрғын үй қорын қарапайым ұдайы өсiру (сақтау) жағдайын негiзге ала отырып, таяу жылдары тұрғын үй құрылысының көлемiн жылына 3 млн. шаршы метрге дейiн жеткiзу қажет. 

      Iс-шаралар 
      Сенімдi және халық сенiмiн иеленетiн құрылыс жинақ ақшасы жүйесiн құру - тұрғын үй құрылысын дамытудың негiзгi бағыты болады, ол адал салымшыларға сыйлық түрiнде мемлекеттiк қолдау көрсетедi. 
      Осы мақсатта 2000 жылдың екiншi жарты жылдығында "Құрылыс жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзiлдi. 
      Қазiргi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру арқылы ипотекалық несие жүйесi одан әрi дамытылатын болады. 
      Мемлекеттiк пен қызметтiк тұрғын үйлер құрылысын салу жалғасады, ол үшiн барлық деңгейдегi бюджеттерде қажеттi қаражат көзделетiн болады. 
      Астана қаласында, бiрiншi кезекте бюджеттен тыс қаражаттарды тарту есебiнен тұрғын үй құрылысын салу жеделдетiлген қарқынмен жалғастырылады. 
      Жаппай құрылыс салудың алғашқы жылдарында тұрғызылған iрi панельдi тұрғын үйлердi жаңғырту бағдарламасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауiптi аймақтарындағы үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық төзiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралардың аймақтық және республикалық iс-шаралар жоспарлары әзiрленетiн болады. 
      Тұрғын үйлердiң нормативтiк тұрғыдан күтiп, ұсталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру және ПМК-iне құқықтық көмек көрсету мақсатында 2001 жылы тұрғын үйлердi мемлекеттiк инспекциялаудың жүйесi құрылатын болады. 

  6. Құрылыстағы мердігерлік жұмыстар

       Проблемалар 
      Соңғы он жылдың iшiнде күрделi қаржы көлемiнiң азаюына байланысты өнеркәсiп құрылысының да, тұрғын үй құрылысының көлемi де күрт төмендеп кеттi, ал жалпы iшкi өнiмнiң құрылымында олардың үлесi 1990 жылдағы 12 пайыздан 1999 жылғы 4,8 пайызға дейiн төмендедi. Сонымен бiр мезгiлде, импорттық жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) құқықтық реттеу мәселелерiнiң пысықталмауы және құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) сатып алуға конкурстар ұйымдастыру мен өткiзуде кемшiлiктердiң болуы салдарынан республикадағы құрылыс-монтаж жұмыстарының едәуiр көлемiн шетелдiк фирмалар орындауда. Iстiң мұндай жағдайына отандық мердiгерлердiң айналым қаражатын толықтыруға арналған несиелiк ресурстарға, сондай-ақ шетел капиталы қатысатын iрi инвестициялық жобалар бойынша мердiгерлiк жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) сатып алу конкурстарына қатысқан кезде олардың өз мiндеттемелерiн банктiк және сақтандыру кепiлдiктерiмен қамтамасыз етуге қол жеткiзе алмауы ықпал етедi. 
      Нәтижесiнде, отандық құрылыс-монтаж ұйымдарының жүктемесi де, тиiсiнше олар орындайтын жұмыс көлемi де күрт қысқарды. Олардың көпшiлiгi өздерiнiң өндiрiстiк-техникалық және кадр әлеуетiнен бiртiндеп айрылуда, нәтижесiнде сәулет-құрылыс мамандықтары бар жұмысшылар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейде екендiгi байқалады. 

      Мiндеттер
      Елдiң құрылыс-монтаж ұйымдарының өндірістік-техникалық және кадр әлеуетiн сақтау және арттыру үшін жағдайлар жасау. 

      Iс-шаралар 
      Мердiгерлiк жұмыстарды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк реттеудi жетiлдiруге, Қазақстандағы объектiлер құрылысына, оның iшiнде шетелдiк капиталды тарта отырып салынып жатқандарына отандық құрылыс-монтаж ұйымдарының қатысуын кеңейту үшiн жағдайлар жасауға бағытталған қазiргi нормативтiк құқықтық базаға қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделiп отыр. 
      Құрылыс саласындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында шетелдiк жұмыс күшiн әкелудi ретке келтiру жөнiнде шаралар қабылданатын болады. 
      Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын арттыру үшiн құрылыс-монтаж ұйымдарын құрылыс сапасын басқарудың халықаралық стандарттарына көшiру жөнiнде шаралар әзiрленетiн болады.
     Құрылыста баға белгiлеу мен қаржыландыру тетiктерiн жетілдiру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
     Құрылыс-монтаж ұйымдарын осы заманғы машиналармен, механизмдермен және жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында құрылыста лизингтi дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрленедi.
     Құрылыс-монтаж ұйымдарының өнеркәсiптiк кәсiпорындарды шетелдiк фирмалардың басқаруына беру жөнiндегi Үкiметтiң жекелеген шешiмдерiнiң нәтижесiнде жинақталған дебиторлық берешектердi кезең-кезеңiмен өтеу немесе қайта құрылымдау жүргiзiледi.

  7. Құрылыс материалдарының, бұйымдары
мен құрастырмаларының өндірісі

       Проблемалар
      Республикадағы құрылыс кешенiнiң негiзi болып табылатын құрылыс материалдарының өндiрiсiн дамыту елiмiздiң құрылыс саласын өрiстетудегi басымдықтардың бiрi болып табылады. 
      Алайда, құрылыс саласының ұзақ уақыт бойы дағдарысты жұмыс iстеуi және республикаға едәуiр мөлшерде құрылыс материалдары импортының әкелiнуi республикада құрылыс материалдары мен бұйымдарының өндiрiс көлемiн құлдыратып жiбердi. 
      Мәселен, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң республиканың өнеркәсiптiк өнiмдерiнiң жалпы құрылымындағы үлесi 1994 жылдағы 4,1 пайыздан 1999 жылғы 0,89 пайызға дейiн төмендедi. 
      Сонымен бiрге, кәсiпорындардың ескiрген, тозу деңгейi 60-80 пайызды құрайтын, энергияны көп қажет ететiн технологиялық желiлермен және жабдықтармен жарақталуы iшкi рыноктың өзiнде бәсекеге қабiлеттi өнiм жасауға мүмкiндiк бермедi. Iшкi рынок импорттық құрылыс материалдары мен бұйымдарға толып кеткендiктен, жағдай одан әрi шиеленiсе түстi. Сонымен қатар, бәсекеге қабiлеттi отандық материалдарды, бұйымдар мен құрастырмаларды қолданудан негiзсiз бас тарту кеңiнен етек алды. 

      Мiндеттер 
      Өндiрiстi тұрақтандыру мен дамыту, құрылыста бәсекеге қабiлеттi отандық құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын қолдануды кеңейту үшiн нормативтiк құқықтық және экономикалық алғышарттар жасау. 

      Iс-шаралар 
      Құрылыстың келешегi бар, бәсекеге қабiлеттi және сұранымға ие өнiмдер шығаруды көздейтiн құрылыс материалдарының өнеркәсiптiк кәсiпорындарын жаңғырту немесе техникалық қайта жарақтандыру жобалары Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына белгiленген тәртiппен енгiзiлетiн болады. Осындай жобаларға Yкiмет қаржыландыруды, оның iшiнде сыртқы несиелер мен заемдарды iздестiру мен тарту, табиғи ресурстарды өндiруге, жайластыру мен пайдалануға арналып жасалған келiсiм-шартқа және тартылатын инвестициялық заемдарға арналған шарттарға тиiстi қағидаларды енгiзу арқылы ұйымдастыруда атаулы қолдау көрсетедi. 
      Отандық құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының қолдану аясын кеңейту мақсатында "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Парламентiне тиiстi ұсыныстар әзiрленедi және ұсынылатын болады. 
      Отандық құрылыс өнiмдерiн өндiрушiлердi қолдау үшiн: 
      1) "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен берiлiп отырған мүмкiндiктер пайдаланылатын; 
      2) тиiстi тауарларды әкелуге арналған кедендiк баж ставкалары қажет болған жағдайда қайта қаралатын болады. 
      Тапсырыс берушiлердi, мердiгерлер мен жобалау ұйымдарын Қазақстанда өндiрілетiн бәсекеге қабiлеттi құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн республикада олардың өндiрiстiк мониторингi ұйымдастырылады және жаңартылған тиiстi тiзiмдемесi мезгiл-мезгiл шығарылып тұратын болады. Толық немесе iшiнара мемлекеттiк инвестициялар есебiнен қаржыландырылатын жобаларда импорттық құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын тиiстi негiздемелер болған жағдайда ғана қолданылуы көзделетiн тәртiп енгiзiлетiн болады. 
      Құрылыс тауарларының, оның iшiнде халықаралық көрмелерiн өткiзу тәжiрибесi жалғасатын болады. 

  8. Нормативтік-техникалық база

       Проблемалар 
      Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiнің нормативтiк-техникалық базасы басым көпшілiгi Кеңестiк Одақ кезiнде әзiрленген, оның үстiне, бұлар негiзiнен Ресейдің ғылыми және жобалау институттары әзiрлеген 1700-ден астам нормативтiк-техникалық құжаттар бiрлiгiнен тұрады. 
      Бұлжымас техникалық прогреске, жаңа технологиялардың, материалдардың, машиналар мен механизмдердің пайда болуына, экономикалық және қоғамдық қатынастардың өзгеруiне байланысты нормативтiк-техникалық құжаттар ұдайы жаңарту мен нақтылауды талап етедi. Мердiгерлiк жұмыстар (қызмет көрсетулер) мен құрылыс материалдарының қазақстандық рыногының ерекшелiгiн ескере отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы құрылыстың сметалық құнын айқындау қағидаттарын қабылдауға көшу мiндетi айрықша өзектi болып табылады. 
      Отандық нормативтiк-техникалық базаны халықаралық стандарттармен және талаптармен үйлестiру мәселелерi, қолданбалы ғылым мен жобалау-iздестiру iсiнің проблемалары өз шешiмiн талап етедi. 

      Мiндеттер 
      Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiнiң халықаралық талаптарға жауап беретiн осы заманғы нормативтiк-техникалық базасын жасау және ғылымның, техника мен жаңа технологиялардың жетiстiктерiн ескерiп, оны ұдайы сонымен сүйемелдеп отыру. 

      Iс-шаралар 
      Нормативтiк базаны жүйелi және жоспарлы реформалау мен нормативтiк құжаттардың жаңа жүйесін қалыптастыру жөнiндегі жұмыстар жалғасады. Бiрiншi кезекте нарықтық экономика талаптарынан, құрылыста жаңа технологиялардың пайда болуынан туындайтын аса маңызды проблемаларды шешуге бағытталған негiзгi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу көзделiп отыр. 
      ТМД елдерi Үкiметтерi басшыларының Мемлекетаралық келiсiмдерi шеңберiнде бiрыңғай нормативтiк базаны қалыптастыру жүйесiн сақтауға, олардың халықаралық талаптармен үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған нормалар мен стандарттарды әзiрлеу жөнiнде келiсiлген техникалық саясат одан әрi жалғасады. 
      ТМД елдерiндегi құрылысты стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi Мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия (МҒТҚК) шеңберiнде бiрыңғай перспективалық жоспар бойынша құрылыс құрастырмаларын, инженерлiк жүйелердi, жылу-энергия үнемдеу, үйлер мен ғимараттардың төзiмдiлiгiн, өрт-жарылыс қауiпсiздiгiн және т.б. есептеу құрылымдау және жобалау салаларына негiз болатын нормативтiк-техникалық құжаттар әзiрлеу ұйымдастырылады. 
      ТМД елдерiнiң ұлттық нормативтiк базасы зерделенедi және осы нормативтiк құжаттарды сатып алу мен Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгiзу мүмкiндiгi туралы жұмыс жүргiзiледi. 
      Құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық әлеуеттi сақтау мақсатында осы салада басымдыққа ие ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының күшiмен ұлттық техникалық нормативтер әзiрлеу жөнiндегi жұмыс жалғасады. 
      2001-2003 жылдар iшiнде құрылыстың сметалық құнын айқындаудың жаңа жүйесi әзiрленiп, сынақтан өткiзiледi және оны енгiзу басталады. <*>
       Ескерту. 8-бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.20. N 462  қаулысымен

  9. Қолданбалы ғылым және жобалау ісі

       Проблемалар 
      Саяси-экономикалық қайта құрулардың басталуына және бұрынғы КСРО-ның ыдырауына байланысты егемендi Қазақстан бұрынғы кеңестiк ақпараттық, нормативтiк-техникалық және әлеуметтiк қамтамасыз ету көздерiнен айрылып қалды, ал тапсырыстардан айырылуы салдарынан отандық жобалау мен ғылыми-қолданбалы рыноктың ауқымы едәуiр тарылды. 
      Бұрынғы мемлекеттiк ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру ұйымдарының көпшiлiгi жаңа жағдайларда олардың ғылыми техникалық және кадрлық әлеуетiне қарамастан қажетсiз болып қалды. 
      Қала құрылысы мен құрылыс объектiлерiн жобалау саласындағы да, өндiрiстi, күрделi құрылысты дамыту саласындағы да проблемалар iшкi рынокты қорғаумен, мамандарды қайта даярлаумен және жаңа кадрларды даярлаумен, сондай-ақ тұтастай экономикалық және әлеуметтiк проблемалармен байланысты. 
      Қызметi мемлекеттiң айрықша құзыры болып табылатын және қала құрылысын жоспарлау, инженерлiк iздестiрулер, сейсмикалық төзiмдi құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк функцияларды және басқа да мiндеттердi орындаумен байланысты жобалау-iздестiру және ғылыми-зерттеу институттардағы iстiң жайы ерекше алаңдату туғызуда. 

      Мiндеттер 
      Республиканың мемлекеттiк функцияларға жатқызылған сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы мiндеттердi шешу үшiн ғылыми және жобалау-iздестiру әлеуетiн сақтау мен дамыту, сондай-ақ ұлттық байлық ретiнде жобалау, iздестiру және ғылыми мұрағаттар мен қорларды сақтау мемлекеттiк жобалау iсiн жетiлдiру мәселелерiндегi басты мiндет болып табылады. 

      Iс-шаралар 
      Жобалау саласындағы мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру мақсатында Аумақтарды ұйымдастырудың бас сызбасын әзiрлеу бөлiгiнде конкурстардың (тендерлердiң) негiзiнде мамандандырылған қала құрылысын жобалау ұйымдарының күшiмен бас жоспарлар мен басқа да жобалау-жоспарлау құжаттамасын әзiрлеу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тапсырмалары орындалады.
     Сейсмология, сейсмикалық төзiмдi құрылыс, аумақты инженерлiк даярлау және жалпыұлттық маңызы бар басқа жұмыстар саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер бойынша жұмыстар жалғасады.  

  10. Мемлекеттік басқару жүйесі

     Проблемалар
     Саладағы мемлекеттiк басқару жүйесiнiң негiзгi проблемалары мыналар болып табылады.
      1) мемлекеттiк басқарудың орталық атқарушы органы мен жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымындағы мемлекеттiк сәулет, қала құрылысы мен Құрылыс органдарының арасында тиiмдi өзара iс-қимылдың болмауы; 
      2) сәулет-қала құрылысы мен құрылыс бақылауы тиiмдiлiгiнiң: 
      - уәкiлеттi органның бақылау-қадағалау функцияларын жергiлiктi атқарушы органдардың қайталауы; 
      - салалық ведомстводан құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын сертификаттау жөнiндегi уәкілеттiктерiн алып қоюы нәтижесiндегi жеткiлiксiздiгi; 
      3) саладағы мемлекеттiк реттеудiң заң базасының толымсыздығы мен пысықталмағандығы; 
      4) белгiленген тәртiппен бекiтiлген мемлекеттiк қала құрылысы саясатының болмауы. 

      Мiндеттер 
      Негiзгi мiндет сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласында ел экономикасын дамытудың осы заманғы кезеңiне жауап беретiн мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесiн құру болып табылады.

      Iс-шаралар 
      Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы мемлекеттiк реттеу жүйесiн жетiлдiру мақсатында: 
      1) "Мемсәулетқұрылысинспекция" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын оның аумақтық еншiлес кәсiпорындарымен мемлекеттiк мекемеге қайта құру; 
      2) облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң, оларға лицензиялау, мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясының және жергiлiктi жерлерде құрылыс өнiмдерiн сертификаттау функцияларын жүктей отырып, аумақтық бөлiмшелерiн құру; 
      3) Құрылыс iстерi жөнiндегi комитеттiң құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын стандарттау және сертификаттау саласындағы жұмысын осы салада келiсiлген саясат жүргiзу негiзiнде Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемстандарттарымен бірлесе отырып күшейту; 
      4) республикалық бюджет есебiнен орталық орган және жергiлiктi бюджет есебiнен аумақтық бөлiмшелер құра отырып, Қазақстан Республикасында тұрғын үй-жайлардың техникалық жай-күйi мен сақталуының мемлекеттiк инспекциялау жүйесiн енгiзу; 
      5) Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс істері жөніндегі комитетінің құрылымын оларға жүктелген саланы мемлекеттiк басқару жөнiндегi мiндеттерге сәйкес жетiлдiру жүзеге асырылады. <*> 
       Ескерту. 10-бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.26. N 127 
қаулысымен .
      Ескерту. 10-бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.20. N 462  қаулысымен .

  11. Қажетті ресурстар және оларды 
қаржыландыру көздері

       Қазiргi тұрғын үйлердi мемлекеттiк қадағалау мен инспекциялау жүргiзу жүйесiн жетiлдiруге бюджеттен 16 млн. теңге сомасында қаржы бөлудi, ал республиканың барлық аумағындағы жаңа құрылысқа мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы мен реттеуiн жүргiзу республикалық бюджеттен 125 млн. теңгенi қажет етедi. 
      Саланы нормативтiк-техникалық базамен қамтамасыз ету - жаңа нормативтiк құжаттарды әзiрлеу мен қолданылып жүргендерiн қайта пысықтау және өте маңызды бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргiзу мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырудың жыл сайынғы 50-70 млн. теңге шегiнде қалыптасқан көлемiн сақтауды талап етедi. 
      Үкiметтiң тапсырмасы бойынша маңызды және жауапты объектiлер жөнiнде техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеуге байланысты жобалау iсi, жобалар мен жұмыс жобалары республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылады. Қажеттi қаражат көлемi нақты қойылған мiндеттер мен жұмыс көлемдерiне қарай айқындалады. 
      Республикада аумақтарды пайдалану мен дамытуды және сәулет пен қала құрылысы саласында тұтастай мемлекеттiк саясатты реттеудiң қалыптасқан бiрыңғай мемлекеттiк құқықтық жүйесiнiң бiр бөлiгi болып табылатын Қазақстан Республикасы Аумағын ұйымдастырудың бас сызбасын әзiрлеу жыл сайын 50 млн. теңге сомасында шығынды қажет етедi. 
      Қазақстан Республикасын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың бағдарламасын әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк қала құрылысын бақылау мен мониторингтi жүзеге асыру, МҚҚК ақпараттық жүйесiн пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын (МҚҚК) қалыптастыру мен жүргізу жыл сайын 12 млн. теңгені қажет етеді. 

  12. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін 
нәтижелер

       Бағдарламаны іске асыру мемлекет өмiрiнiң экономикалық және әлеуметтiк-саяси жағына елеулi әсерiн тигiзедi. 
      Мемлекеттiк қала құрылысының жүйелi саясаты аумақтық-жоспарлау және экологиялық проблемаларды шешудi қамтамасыз етедi, аумақтық ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік туғызады, шаруашылық есеп қағидаттарында жұмыс iстейтiн қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесiн қалыптастырады. 
      Сонымен бiр мезгілде, күрделi құрылысқа оның тұрақтануы мен одан әрi өсуi үшiн, оның iшiнде негiзгі қорларды ұдайы жаңғырту негiзiнде инвестициялардың құйылуы көтермеленетiн болады. Аталған процесс, тәуекелдi сақтандыру жүйесiн енгiзудi қоса алғанда, тиiстi нормативтiк кесiмдердi күшiне енгiзудiң мемлекеттiк саясатына негiзделедi. 
      Сенiмдi және елiмiзде халық сенiмiне иеленген құрылыс жинақ ақшасы мен ипотекалық несие беру жүйелерiн құру тұрғын үй құрылысы көлемiнiң құлдырауын тоқтатады және 1999 жылғы берілген 1,072 млн. шаршы метр көлеммен салыстырғанда тұрғын үйдi пайдалануға беру 2003 жылы болжамдалған көлемде 1,310 млн. шаршы метрге өсуге әсерiн тигiзедi. Қолданыстағы тұрғын үй қорын қайта жаңарту мен жаңғырту саласындағы жұмысты ұйымдастыру үшiн экономикалық және құқықтық алғышарттар жасалады, ал тұрғын үйлердi мемлекеттiк инспекциялау жүйесiн енгiзу олардың тозуы мен қирап, iстен шығуын күрт төмендетедi. 
      Нормативтiк құқықтық базадағы өзгерiстер мен толықтырулар отандық ұйымдар орындаған құрылыс-монтаж жұмыстарының үлесiн 1999 жылғы 78%-дан 2003 жылы 90%-ға арттыру үшiн алғышарт жасайды. 
      Бағдарламада көзделген құрылыс материалдары мен құрастырмаларының өнеркәсiбiн атаулы қолдау, инвестицияларды iздестiру мен тарту, импортты алмастыру жөнiндегi шаралар республикадағы өнеркәсiп өнiмдерiнiң жалпы құрылымындағы құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының 1999 жылғы 0,89% үлесiн 2003 жылы 4%-ға арттыруға мүмкiндiк туғызады. 
      Құрылыс саласының осы заманғы нормативтiк техникалық базасын жасау, ғылымның алдыңғы қатарлы жетiстiктерiн ескере отырып, ұдайы сонымен сүйемелдеу құрылыс жұмыстары мен өнімдерінің сапасын арттыруға жағдай жасайды, отандық ұйымдарға құрылыстық қызмет көрсетудің халықаралық рыногына кіруіне мүмкіндік береді. 
      Күрделі құрылыстағы тәуекелді сақтандыру жүйесін экономиканың әртүрлі салаларындағы отандық ұйымдарға шетелдік және бірлескен фирмалар жүргізетін, оның ішінде мұнай-газ саласында және көліктік инфрақұрылым құрылысын салу кезіндегі мердігерлік жұмыстарға арналған тендерлерге шетелдіктермен бірдей қатысуына мүмкіндік береді.
     Бағдарламада көзделген мемлекеттік басқарудың жетілдірілген жүйесі кәсіпкерлікті, шағын бизнесті дамытуға, бәсекеге қабілетті құрылыс материалдары өндірісінің өсуіне және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы         
Үкіметінің              
2000 жылғы 28 қарашадағы         
N 1778 қаулысымен             
бекітілген                 

  Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамытудың 2000-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      ЕСКЕРТУ. 11-жол өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369  қаулысымен .
      Ескерту. 30-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.26. N 127  қаулысымен
       Ескерту. 6-жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.05.17. 
N 534   қаулысымен .
       Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.05.20. N 462  қаулысымен .
       Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.27. N 907  қаулысымен .

__________________________________________________________________
Р/с!  Іс-шара         ! Аяқталу  !Орындауға  !Орын. !Болжа. !Қар.
N  !                  !  нысаны  !жауаптылар !далу  !нып    !жылан.
   !                  !          !           !мерзі.!отырған!дыру
   !                  !          !           !мі    !шығыс. !көзі
   !                  !          !           !      !тар    !
__________________________________________________________________
 1 !         2        !     3    !     4     !   5  !   6   !   7
__________________________________________________________________ 
                 1. Сәулет және қала құрылысы 
__________________________________________________________________
1. "Қазақстан Респуб-  Қазақстан   ЭИСМ      2001 жылғы   -    -
   ликасындағы сәулет, Республи-             3-тоқсан
   қала құрылысы және  касының
   құрылыс қызметі     Заңының
   туралы" Қазақстан   жобасы
   Республикасының
   Заңына толықтырулар
   енгiзу туралы"
   Қазақстан Респуб-
   ликасы Заңының
   жобасын әзiрлеу
   ("Құрылыстағы мердi-
   герлiк жұмыстар"
   деген тараумен
   толықтыру)

2. Қазақстан Республи-  Қазақстан   ЭИСМ     2001 жылғы   -    -
   касының мемлекеттік  Республи-            2-тоқсан
   қала құрылысы сая-   касының
   саты тұжырымдамасы-  Үкіметі
   ның жобасын әзiрлеу  қаулысының
                        жобасы

3. Инфрақұрылымды орна- Қазақстан   ИСМ      2004-2005 Жыл     Рес-
   ластыру және дамыту  Республи-            жылдар    сайын   пуб-
   жүйесi бар Қазақстан касының                        респуб- ли-
   Республикасының      аумағын                        ликалық ка-
   аумағын ұйымдастыру- ұйымдастыру-                   бюджет  лық
   дың бас сызбасының   дың қала                       жобасын бюд-
   жобасын әзiрлеу      құрылысын                      қалып-  жет
                        жоспарлау                      тастыру
                        жөніндегі                      кезінде
                        құжаттарының
                        кешені

4. "Мемлекеттiк қала    Қазақстан   ЭИСМ    2001 жылғы
  құрылысы кадастры     Республи-           3-тоқсан  
  орталығы" РМК-ны құру касының
  жөнiнде Қазақстан     Үкіметі
  Республикасының       қаулысының
  Үкiметi қаулысының    жобасы
  жобасын әзiрлеу

5. Республикалық, об-   Қазақстан   Облыс-    2003-           Жергі-
  лыстық маңызы бар     Республика- тардың,   2005            лікті-
  қалалар мен аудан     сының       қалалар   жылдар          бюд-
  орталықтарының бұрын  Үкіметіне   мен аудан-                жет
  бекiтiлген бас жос-   жыл сайынғы дардың
  парларын жаңартуды    ақпарат     әкімдері,
  немесе жаңаларын                  ИСМ Құрылыс
  әзiрлеудi немесе                  істері
  бекітудi қамтамасыз               жөніндегі
  ету                               комитеті
__________________________________________________________________
                       2. Күрделі құрылыс
__________________________________________________________________
6. Шетелдiк және отан-  Қазақстан   ҚРИА, ҚарМ, 2001 жылғы 
  дық инвесторлардың    Республи-   МКМ, ЭИСМ   4-тоқсан
  тең құқықтарын көз-   касы
  дейтiн "Инвестициялар Заңының 
  туралы" Қазақстан     жобасы
  Pecпубликасы Заңының
  жобасын әзiрлеу

7. Күрделі құрылыстағы  Қазақстан   МКМ, ҚарМ, 2001 жылғы 
   инвестициялық про-   Республи-   ҚРИА, ЭИСМ   2-тоқсан
   цеске қатысушыларға  касының
   салық салу жүйесiн   Үкіметіне
   жетілдiру жөнiнде    ұсыныс
   ұсыныстар дайындау
__________________________________________________________________
                    3. Тұрғын үй құрылысы __________________________________________________________________
8. "Құрылыс жинақтары   Қазақстан   ЭИСМ, Ұлттық 2000 жылғы
   туралы" Қазақстан    Республи-    банк        2-тоқсан
   Республикасы Заңының касы
   жобасын әзiрлеу      Заңының
                        жобасы 

9. Қазақстан Республи-  Қазақстан   ЭИСМ, ЭМ,    2000 жылғы
   касында тұрғын үй    Республи-   Ұлттық банк  4-тоқсан
   құрылысын дамыту     касының     (келісім
   және тұрғын үй       Үкіметі     бойынша)
   қорын сақтау тұжы-   қаулысының
   рымдамасын әзiрлеу   жобасы

10. Жергiлiктi бюджет-  Қазақстан   ЭИСМ, облыс-  2001 жылғы
  тер есебiнен өңiрлер- Республи-   тардың, Астана 3-тоқсан
  дегi тұрғын үй ғима-  касының     және Алматы
  раттарын мемлекеттiк  Үкіметі     қалаларының
  инспекциялауды        қаулысының  әкімдері
  жүргiзу               жобасы

11. Ипотекалық тұрғын   Нормативтік Ұлттық банк   Тұрақты
  үй кредит беру норма- құқықтық    (келісім
  тивтiк құқықтық база- кесімдер    бойынша),
  сын дамыту және жетiл-            ИСМ Құрылыс
  дiру                              істері жө-
                                    ніндегі
                                    комитеті

12. Сейсмикалық қауiптi  Қазақстан  ЭИСМ,        2000 жылғы  
  өңiрлердегi ғимараттар Республи-  Қазқұрылыс-  4-тоқсан
  мен құрылыстардың      касының    комитет
  сейсмикалық төзiмдi-   Үкіметі
  лiгiн арттыру жөнiнде  қаулысының
  республикалық iс-ша-   жобасы
  ралар жобасын дайындау

13. Жаппай құрылыс салу- Бұйрық    ЭИСМ,        2001 жылғы
  дың алғашқы жылдарында           Қазқұрылыс-  3-тоқсан
  салынған iрi панелдi             комитет
  тұрғын үйлерді жаңғыр-
  ту жөнінде үлгілiк
  шешiмдермен ұсынымдар
  әзiрлеу
__________________________________________________________________
                4. Құрылыстағы мердігерлік жұмыстар
__________________________________________________________________
14. Құрылыстағы лизингтi Қазақстан  ЭИСМ       2001 жылғы
  дамыту жөнiнде ұсыныс- Республи-             3-тоқсан
  тар әзiрлеу            касының
                         Үкіметіне
                         ұсыныс

15. Құрылыс-монтаж ұйым- Қазақстан  ИСМ Құрылыс Тұрақты 
  дары мен кәсiпорындар- Республи-  істері
  ды халықаралық сапа    касының    жөніндегі
  стандарттарына көшiру  Үкіметіне  комитеті
  жөнiндегi жұмысты      жыл сайынғы
  жалғастыру             ақпарат

16. Кәсіпорындарды ше-   Қаржыминнің Қаржымині, 2000 жылғы
   телдік фирмалардың    бұйрығы     ЭИСМ       4-тоқсан
   басқаруына беру
   нәтижесінде жинақ-
   талған құрылыс-мон-
   таж ұйымдарының
   дебиторлық берешегiн
   кезең-кезеңiмен өтеу
   кестесiн әзiрлеу
__________________________________________________________________
             5. Құрылыс материалдарының өндірісі
__________________________________________________________________
17. Құрылыстың перспек-   Басым       ИСМ       Тұрақты
   тивалы, өтемдi жоба-   республи-
   ларын ipіктeу, құрылыс калық
   материалдарын шығара-  инвестиция-
   тын кәсiпорындарды     лық жобалар
   жаңғырту және техни-   тізіміне
   калық қайта жарақтан-  енгізу
   дыру жөнiндегi жұмыс-  жөніндегі
   ты ұйымдастыру         ұсыныс

18. Құрылыстағы инвес-    Қазақстан   ИСМ       Жыл сайын
   тициялық жобаларды     Республи-
   қаржыландырудың сыртқы касының
   көздерiн iздестiру     Үкіметіне
   мен тарту              жыл сайынғы
                          ақпарат

19. Сыртқы инвесторлармен Қазақстан   ИСМ       Жыл сайын
   және кредиторлармен    Республи-
   келiсiм-шарт жасау     касының
   кезiнде қазақстандық   Үкіметіне
   мердігерлік ұйымдар    ұсыныс
   мен құрылыс материал-
   дарын өндiрушілердің
   мүдделерiн сақтау

20. Құрылыс тауарларын   Қазақстан   ИСМ      Жылына
    әкелудi тарифтік     Республи-            1 реттен
    және тарифтiк емес   касының              кем емес
    реттеу шараларын     Үкіметіне
    енгiзу жөнiнде       ұсыныстар
    ұсыныстар әзiрлеу

21. Республикада өндi-   Дерекқорды  ИСМ      Жылына
    рiлетiн құрылыс      жаңарту     Құрылыс  1 рет
    тауарларына мони-                істері
    торинг жүргiзу және              жөніндегі
    бәсекеге қабiлеттi               комитеті
    құрылыс материал-
    дарының, бұйымдары
    мен құрастырмалары-
    ның каталогын шығару

22. Отандық мaтериалдар-  Бұйрық    ЭИСМ,      2005 жылғы
    ды қолданудың мүмкiн            Қазқұрылыс- IV тоқсаны
    еместігі туралы                 комитет
    тиiстi негiздемелер
    болғанда ғана мемле-
    кеттiк инвестициялар
    есебiнен толық немесе
    ішiнара қаржыланды-
    рылатын жобаларға
    импорттық құрылыс
    материалдарын, бұйым-
    дар мен құрастырмалар-
    ды қолдануды көздейтiн
    тәртiп енгiзу

23. Құрылыс тауарларының  Астана   "XXI ғасыр"  Жылына
  көрмелерiн, оның ішінде  және    қазақстан-   1 көрме-
  халықаралық көрмелердi  Алматы   дық жарнама  ден кем
  өткiзу практикасын      қалала-  және марке-  емес
  жалғастыру              рындағы  тинг орта-
                          көрмелер лығы, ИСМ
__________________________________________________________________
                 6. Нормативтік-техникалық база
__________________________________________________________________
24. Сәулет, қала құрылысы, Норма-  ИСМ Құрылыс  2003-  185,1    Рес-
   тұрғын үй қоры мен      тивтік  істері       2005   2003 ж.- пуб-
   тұрғын үй-коммуналдық   техни-  жөніндегі    жылдар 60,0     ли-
   шаруашылық объектiлерiн калық   комитеті            2004 ж.- ка-
   салу, қайта жаңарту,    құжаттар                    62,5     лық
   жөндеу және пайдалану                               2005 ж.- бюд-
   саласындағы жаңа норма-                             62,6     жет
   тивтiк-техникалық құ-
   жаттарды әзiрлеу және
   қолданылып жүргендерiн
   жаңарту

25. Құрылыстың сметалық    Құрылыс  ИСМ Құры-  2003 жылғы
    құнын айқындаудың жаңа істері   лыс істері І жарты
    жүйесiне көшу          жөнін-   жөніндегі  жылдық
                           дегі     комитеті
                           комите-
                           тінің
                           бұйрығы

26. ТМД елдерi үшiн ортақ   Норма-  ИСМ Құры-  Тұрақты
   мемлекетаралық норма-    тивтік  лыс істері
   тивтiк-техникалық құжат- техни-  жөніндегі
   тарды әзiрлеу жөнiндегi  калық   комитеті
   Құрылыстағы cтaндарттaу, құжат-
   метрология және серти-   тар
   фикаттау жөнiндегi мем-
   лекетаралық ғылыми-тех-
   никалық комиссия (бұдан
   әрі - ҚМҒТК) шеңберiнде
   ТМД елдерiмен ынтымақ-
   тастықты жалғастыру

27. ҚМҒТК шеңберiнде нор-  Жоспар-  ИСМ     2003-2005  15,0    Рес-
   мативтiк-техникалық     ланған           жылдар     2003 ж. пуб-
   құжаттарды сатып алуды, жылға                       - 15,0  ли-
   жыл сайын қаржыландыру  арналған                            ка-
   жөнiндегi ұсыныстарды   функцио-                            лық
   бюджеттiк комиссияға    налдық                              бюд-
   дайындау және енгiзу    бағдарла                            жет
                           малардың
                           жобалары
          

28. Мектептердің, денсау-  Мемлекет- ИСМ     2003-    274,5   Рес-
   лық сақтау объектiлерi- тік сатып Құрылыс 2005     2003 ж. пуб-
   нің, кеден бекеттерiнiң алулар    істері  жылдар   - 150,0 лика-
   және темiр жол терми-             жөнін-           2004 ж. лық
   налдарының үлгiлi жоба-           дегі             - 80,7  бюд-
   ларын әзiрлеу және бекi-          комитеті         2005 ж. жет
   ту. Yлгілі жобалардың                              - 43,8
   альбомдарын шығару,
   тираждау және тарату
__________________________________________________________________
                7. Қолданбалы ғылым және жобалау ісі
__________________________________________________________________
29. Қазқұрылыскомитетін   Қазақстан  ЭИСМ,   2000
    мемлекеттiк меншiк    Республи-  ҚарМ    жылғы
    құқығы субъектiсiнiң  касының           4-тоқсан
    функцияларын жүзеге   Үкіметі
    асыратын және респуб- қаулысы-
    ликалық меншiктегi    ның
    жобалау-iздестiру     жобасы
    ұйымдарында акциялар-
    дың мемлекеттiк паке-
    тiн және мемлекеттiк
    үлестi басқару құқығы
    бар мемлекеттiк орган
    деп белгiлеу

30. Құрылыс саласындағы    Құрылыс   ИСМ      2003-   73,2      Рес-
    ғылыми зерттеу қолдан- істері    Құрылыс  2005    2003 ж.-  пуб-
    балы ғылыми зерттеу    жөніндегі істері   жылдар  24,0      ли-
                           комитеті- жөніндегі        2004 ж.-  ка-
                           нің       комитеті         24,0      лық
                           бұйрығы                    2005 ж.-  бюд-
                                                      25,2      жет
__________________________________________________________________
                  8. Мемлекеттік басқару жүйесі
__________________________________________________________________
31. "Мемсәулетқұрылысинс-  Қазақстан  ЭИСМ,  2001 жыл
   пекция" республикалық   Республи-  ҚарМ   2002 жылға
   мемлекеттiк кәсiпорын-  касының           арналған
   дарын мемлекeттiк меке- Үкіметі           бюджет
   мелер етiп қайта құру   қаулысы-          қаражатын
   жөнiнде Қазақстан Рес-  ның жобасы        бөлу
   публикасының Yкiметi                      кезінде
   қаулысының жобасын
   әзiрлеу 

32 Құрылыс өнімін стан-    Стандарт-  ЭИСМ   2001 жылғы 
   дарттау және серти-     тау,              3-тоқсан
   фикаттау саласындағы    метрология
   жұмысты күшейту         және серти-
                           фикаттау
                           комитеті
                           мен Қаз-
                           құрылыс-
                           комитеті
                           арасындағы
                           құрылыс
                           өнімдерін
                           сертификат-
                           тау сала-
                           сындағы
                           бірлескен
                           жұмыс
                           туралы
                           келісім
__________________________________________________________________