Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына: көрсетілген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне" бөлімі: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 118-20 және 118-21 жолдармен толықтырылсын: "118-20 АЛА-000283 "N 405 авиажөндеу зауыты" ААҚ (Алматы қаласы) 118-21 АКТ-000128 "Азаматтық авиацияның N 406 авиажөндеу зауыты" ААҚ (Ақтөбе қаласы)"; 2) "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі N 1363 P991363_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 46, 422-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесіндегі: "N 406 авиациялық-техникалық орталық" ААҚ (Ақтөбе қаласы)" деген жол алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Қобдалиева Н.М. Қасымбеков Б.А.