Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін өнімдер өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 қараша N 1773

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған:
     1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 
Акцизделетін өнімдер өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі 
комитеті туралы ереже;
     2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін 
өзгерістер бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                                Қазақстан Республикасы
                                                     Үкiметiнiң
                                               2000 жылғы 28 қарашадағы
                                                  N 1773 қаулысымен
                                                      бекітілген
     
        Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлігінiң
               Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын
              мемлекеттiк бақылау жөніндегі комитетi туралы
                                  ЕРЕЖЕ
     
                            1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң құзыретi шегiнде арнайы атқарушылық әрi бақылау-қадағалау қызметтерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi кесiмдерiне, өзге де нормативтiк-құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгіде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттiң азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болып мемлекет атынан түсуге, егер ол заңнамаға сәйкес бұған уәкiлеттi болса, құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
      5. Комитет штат санының шегiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33/ Абай даңғылы, 52.
      7. Комитеттiң толық атауы: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитет" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитет қызметiн қаржыландыру тек мемлекеттiк бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитет қызметi болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Комитеттің кәсiпкерлiк субъектiлерi мен шарттық қатынастарға түсуге құқығы жоқ.
      Заңнамалық кесiмдермен Комитетке кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқықтар берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджет кiрiсiне жiберiледi.

        2. Комитеттiң этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен
    айналымы саласындағы мiндеттерi, негiзгi қызметтерi және құқықтары

      10. Комитеттiң этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымы саласындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) этил спиртi және алкоголь өнімі өндiрiсi мен айналымына бақылау жасау саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;
      2) этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымына бақылау жасаудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
      3) этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымына бақылау жасау саласында нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеудi жүзеге асыру;
      4) этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымына бақылау жасау саласында мемлекеттiк органдар қызметiн ведомствоаралық үйлестiру.
      11. Комитеттiң этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымы саласындағы негiзгi қызметтерi мыналар болып табылады:
      1) алкоголь өнiмi рыногының жағдайы туралы мониторингтi жүзеге асыру, ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында өндiрілген және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген этил спиртi және алкоголь өнiмi көлемiнiң қозғалысына бақылау жасау;
      3) этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымының көлемiн есепке алуды ұйымдастыру;
      4) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн өндiретiн кәсiпорындардағы акциздiк қосындар жұмысына бақылау жасау;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымын лицензиялау, берiлген, тоқтатылған және қайтарып алынған лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес импорты лицензиялауға жататын этил спиртi және алкоголь өнiмi импортына бақылау жасау және лицензиялау;
      7) этил спиртi және алкоголь өнiмi импортының көлемiн лицензиялар алу үшiн өтiнiшкерлер арасында өз құзыретi шектерiнде конкурстық орналастыру;
      8) мемлекеттiк медициналық мекемелерге, сондай-ақ емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмектердi өндiрушiлерге этил спиртiнiң берiлу көлемiн өз құзыретi шектерiнде белгiлеу;
      9) этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымына, акциздiк маркалардың өткiзiлуiне, этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымынан акциздердiң бюджетке түсуiне талдау және теңгерiмдер жасау;
      10) есепке алу-бақылау маркаларының жасалуына, сақталуына, сатып алынуына және есепке алынуына, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес маркалауға жататын алкоголь өнiмi акциздiк алым маркаларының сақталуына, сатып алынуына және есепке алынуына басшылық жасау;
      11) акциздер түсiмi және этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымына бақылау жасау мәселелерi бойынша өз өкiлеттiктерi шектерiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу, қабылдау, шығару және мүдделi мемлекеттiк органдарға, жеке және заңды тұлғаларға жеткiзу.
      12. Комитеттiң этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымы саласында өзiне жүктелген негiзгi мiндеттер мен қызметтердi жүзеге асыру кезiнде мынадай құқықтары бар:
      1) этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымы саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бұзушыларға заңнамаға сәйкес ықпал ету шараларын қабылдау;
      2) бақылау жасалынатын объектiлерде өндiрiлген дайын этил спиртi және алкоголь өнiмi көлемiнiң осы салада қолданылатын нормативтерге сәйкестiгiн өз құзыретi шектерiнде тексеру, осы мақсаттарда осы объектiлердiң есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуына, технологиялық процесс, этил спиртiнiң және алкоголь өнiмiнiң сақталуы мен айналымы нормалары мен ережелерiнiң сақталуына бақылау жасау;
      3) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн шығаратын, сақтауды әрi өткiзудi, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тексерудi жүзеге асыру;
      4) нормативтiк-құқықтық кесiмдердiң орындалуын тексерудi жүзеге асыру және орындалуы мiндеттi нұсқаулар беру;
      5) этил спиртi және алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен өткiзудi, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялауды жүзеге асыру;
      6) мемлекеттiк медициналық кәсiпорындардың, сондай-ақ емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмектер өндiрушiлердiң этил спиртiн пайдалануына өз құзыретi шектерiнде бақылау жасау;
      7) Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын этил спиртi және алкоголь өнiмi (сырадан басқа) көлемiн белгiленген тәртiппен реттеу;
      8) лицензиаттарға қойылатын лицензия ережелерiн әзiрлеу;
      9) Қазақстан Республикасы аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнген этил спиртi және алкоголь өнiмi көлемiнiң қозғалысына бақылау жасау.

      3. Комитеттiң бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны
                   айналымы саласындағы құзыретi

      13. Бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны айналымы саласында заңнамалық кесiмдерге сәйкес Комитеттiң мынадай құзыретi болады:
      1) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны айналымына бақылау жасау саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;
      2) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны айналымына бақылау жасаудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
      3) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны айналымына бақылау жасау саласында нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеудi жүзеге асыру;
      4) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны айналымына бақылау жасау саласында мемлекеттiк органдар қызметiн ведомствоаралық үйлестiру.
      14. Комитеттiң бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны айналымы саласындағы негiзгi қызметтерi мыналар болып табылады:
      1) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны рыногының жағдайы туралы мониторингтi жүзеге асыру, ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау;
      2) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны көлемiнiң қозғалысына бақылау жасау;
      3) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны айналымының көлемiн есепке алуды ұйымдастыру;
      4) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны айналымын лицензиялау, берiлген, тоқтатылған және қайтарып алынған лицензиялардың мемлекеттiк тiзілімiн жүргiзу;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес импорты лицензиялауға жататын бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны импортына бақылау жасау және лицензиялау;
      6) бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны айналымына талдау және теңгерiмдер жасау.
      15. Комитеттiң бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны айналымы саласында өзiне жүктелген негiзгi мiндеттер мен қызметтердi жүзеге асыру кезiнде мынадай құқықтары бар:
      1) бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны айналымы саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бұзушыларға заңнамаға сәйкес ықпал ету шараларын қабылдау;
      2) бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын сақтауды әрi өткiзудi, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тексерудi жүзеге асыру;
      3) бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны айналымын

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялауды 
жүзеге асыру;
     4) Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын бензин 
(авиациялықты қоспағанда), дизель отыны көлемiн белгiленген тәртiппен 
реттеу;
     5) Комитет лицензиялайтын қызмет түрлерiне қойылатын лицензия 
ережелерiн әзiрлеу;
     6) Қазақстан Республикасы аумағында өндiрiлген және Қазақстан 
Республикасы кеден аумағына әкелiнген бензин (авиациялықты қоспағанда), 
дизель отыны көлемiнiң қозғалысына бақылау жасау.
     
     4. Комитеттiң акцизделетiн өзге де өнiмдер жөнiндегi мiндеттерi,
                  негiзгi қызметтерi және құқықтары
     
     16. Комитеттiң акциздер түсiмiне бақылау жасау саласындағы негiзгi 
мiндеттерi мыналар болып табылады:
     1) акциздер түсiмiне бақылау жасау саласында мемлекеттiк саясатты 
қалыптастыру;
     2) акциздер түсiмiне бақылау жасаудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
     3) акциздер түсiмiне бақылау жасау саласында нормативтiк құқықтық 
кесiмдер әзiрлеудi жүзеге асыру;


      4) акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымынан түсетiн акциздерге бақылау жасау және есепке алу мәселелерiнде мемлекеттiк органдар қызметiн ведомствоаралық үйлестiру;
      5) акцизделетiн өнiмдер акциздерi бойынша республикалық және жергіліктi бюджеттердiң кірiс бөлiгiнiң орындалуын нормативтiк реттеудi және бақылау жасауды жүзеге асыру.
      17. Комитеттiң акциздер түсiмiне бақылау жасау саласындағы негiзгi қызметтерi мыналар болып табылады:
      1) есепке алу-бақылау маркаларының жасалуына, сақталуына, сатып алынуына және есепке алынуына, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес маркалауға жататын акцизделетiн өнiмдер бойынша акциздік алым маркаларының сақталуына, сатып алынуына және есепке алынуына басшылық жасау;
      2) акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымынан акциздер түсiмi мәселелерi бойынша өз өкiлеттiктерi шектерiнде нормативтiк-құқықтық кесiмдер әзiрлеу, қабылдау, шығару және мүдделi мемлекеттiк органдарға, жеке және заңды тұлғаларға жеткiзу.
      18. Комитеттiң өзiне жүктелген негiзгi мiндеттер мен қызметтердi жүзеге асыру кезiнде мынадай құқықтары бар:
      1) акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымынан түсетiн акциздер түсiмi саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
      2) акцизделетiн өнiмдердi сақтауды әрi өткiзудi, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымынан түсетiн акциздер түсiмiнiң толықтығы және уақтылығы бөлiгiнде тексерудi жүзеге асыру;
      3) акцизделетiн өнiмдер акциздерi түсiмiнiң мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң орындалуын тексерудi жүзеге асыру;
      4) акцизделетiн өнiмдер акциздерi түсiмiне бақылау жасау мәселелерi бойынша белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан, азаматтардан ақпараттар сұрату және алу;
      5) мемлекеттiк кәсiпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi ұсыныстарды белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне енгiзу, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi қызметiн жүзеге асыру;
      6) басқа мемлекеттiк органдар мамандарын, сондай-ақ шетелдiк және

жергiлiктi сарапшыларды және тиiстi саланың құзыреттi мамандарын жұмысқа 
тарту;
     7) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға олар қабылдаған 
кесiмдердiң күшiн жою немесе өзгерту туралы өз құзыретi шегiнде ұсыныстар 
енгiзу;
     8) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Үкiметiнiң 
кесiмдерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;
     
                      5. Комитет мүлкi
     
     19. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшау мүлкi болады.
     Комитет мүлкi оған мемлекет берген мүлiктер есебiнен құралады және 
негiзгi қорлардан әрi айналым қаржыларынан, сондай-ақ құны Комитет 
теңгерiмiнде көрсетiлген өзге де мүлiктерден тұрады.
     20. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
     21. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға 
немесе өзге де жолмен билiк етуге құқығы жоқ.
     Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке 
билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

                   6. Комитет қызметiн ұйымдастыру
     


      22. Комитеттi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Комитет Төрағасының ұсынымы бойынша Мемлекеттiк кiрiс министрi Төрағаның орынбасарын және комитеттiң аумақтық басқармалары басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      23. Төраға Комитет жұмысын ұйымдастырады әрi басқарады және Комитетке

жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз қызметiн жүзеге асыруы үшiн 
жеке жауап бередi.
     24. Осы мақсаттарда Төраға:
     өзiнiң орынбасарлары мен Комитет құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының 
мiндеттерiн және өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
     заңнамаға сәйкес Комитет жүйесi қызметкерлерiн қызметке тағайындайды 
(Төраға бекiтетiн қызметтер номенклатурасына сәйкес) және қызметтен 
босатады;
     заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет жүйесi қызметкерлерiне
тәртiптiк жазалар қолданады;
     Комитет бұйрықтарына қол қояды;
     Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
     мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитет өкiлi болады;
     заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     25. Орынбасарлар өздерiне Төраға жүктеген қызметтердi орындайды, 
Төраға болмаған кезде оның мiндеттерiн орынбасарлардың Төраға уәкiлеттiк 
берген бiреуi орындайды.
     
             7. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
     
     26. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату заңнамаға сәйкес жүзеге 
асырылады.

                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                           2000 жылғы 28 қарашадағы
                                             N 1773 қаулысымен
                                                  бекітілген
     
           Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
                       енгiзiлетiн өзгерiстер
     


      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 ақпандағы N 173 қаулысына:
      1-тармақтың 7) және 8) тармақшаларының күшi жойылды деп танылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 34-жолдың 2-бағанындағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 263-құжат):
      3-тармақтың екiншi абзацында "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмнiң (сырадан басқа) импортын лицензиялаудың тәртiбiнде:
      3-тармақтың екінші абзацында "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетiлген Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларда 20-тармақта "Алкогольдi"

деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын.
     4. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет 
көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан 
Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына 
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
     4-тармақта "министрлiгiнiң" деген сөзден кейiнгi "Алкогольдi" деген 
сөз "Акцизделетін" деген сөзбен ауыстырылсын;
     көрсетiлген қаулының 5-қосымшасында:
     
"Сусындарды өндiру       2106 90 200    Мемкiрiсминiнiң
кезiнде пайдаланылатын                  Алкогольдi өнiмдердiң
хош иiстi заттардың                     өндiрiсi мен айналымын
негiзiндегi өнiмдерден                  мемлекеттiк бақылау
басқа, құрамдас                         жөнiндегi комитетi"
спирттiк жартылай                       деген жолда:
фабрикаттар


     3-бағанда "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен 
ауыстырылсын.
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.