Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2017 № 560 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 P990813_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген
несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар
мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен
оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі,
төрағаның орынбасары
Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және
сауда вице-министрі;
"Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті директорының міндетін
атқарушы, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік қарыз алу
департаментінің директоры,
хатшы";
көрсетілген құрамнан Әбітаев Есберген Әбітайұлы, Сәйденов Әнуар
Ғалимоллаұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.