Қайталама түсті және қара металдар рыногын реттеу жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 қараша N 1713

Қолданыстағы
      Түсті (олардың қорытпаларының) және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарының рыногын реттеу, құрамында мыс бар өнімдерді өндіруші отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне мынадай толықтырулар

енгізілсін:
     1) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет 
көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  

P971037_

  қаулысына 
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
     көрсетілген қаулыға 4-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен 
толықтырылсын:
 ________________________________________________________________________
 "Коррозияға төзімді                      7204 21 100
 (тоттанбайтын) болаттың
 қалдықтары мен сынықтары
 ________________________________________________________________________
 Қара металдардың қалдықтары              7204,
 мен сынықтары
 (қолдануда болған рельстер,              7302*-ден
 темір жол төсемдерінің элемент-
 тері, дискілер, доңғалақ
 жұптары)
 ________________________________________________________________________
 Мыс қалдықтары мен сынықтары             7404 00
 ________________________________________________________________________
 Өңделмеген қайталама                     7601 20 910,
 алюминий қорытпалар: құймалары,          7601 20 990,
 басқалары және олардан жасалған          7603-7616 (тек
 бұйымдар                                 қайталама құймалардан
                                          жасалғандары)
 ________________________________________________________________________
     мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
     "*Тауарлар номенклатурасы тауарлардың кодымен де және атауымен де 
айқындалады";
     2) "Тауарлардың жекелеген түрлеріне арналған шығарушылық кеден 
баждарының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 
5 маусымдағы N 841  

P000841_

  қаулысына:
     көрсетілген қаулыға қосымша:
     мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
     "7404 00 Мыс қалдықтары        1 тоннасына 30, бірақ
     мен сынықтары                  330 евродан кем емес
     
     7601 Өңделмеген                1 тоннасына 4, бірақ
     алюминий                       30 евродан кем емес".
     
     2. Осы қаулы жарияланғаннан кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.