"Өскемен" әуежайы" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін коммуналдық меншікке беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 13 қараша N 1704

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "Өскемен" әуежайы" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін заңнамада белгіленген тәртіппен Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берсін.
      2. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері

 

және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 


P990405_


  қаулысына

(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат) мынадай

өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

     1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

     "Шығыс Қазақстан облысы" бөлімі:

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 495-7-жолмен толықтырылсын:

     "495-7 ШҚО-004142      "Өскемен" әуежайы" ААҚ";

     2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшадағы реттік нөмірі 165-4-жол алынып

тасталсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.