Биологиялық әркелкілікті және табиғи экологиялық жүйені сақтап қалу және қайта қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейін дамытудың және орналастырудың тұжырымдамасы мақұлдансын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1692 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейін дамытудың және орналастырудың тұжырымдамасы 1. Жалпы ережелер
Қазiргi биология ғылымы экологиялық тепе-теңдiктiң ғаламдық бұзылуы биосфераның құрамдас бөлiгi болып табылатын қоршаған орта үшiн қатерлi жағдайларға бұлтартпай әкеп соғатынын анықтады.
Биологиялық әркелкiлiктi сақтап қалу және биологиялық ресурстарды ұтымды пайдалану үшiн жауапкершiлiктi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1994 жылғы 19 тамыздағы N 918 қаулысымен Биологиялық әркелкiлiк туралы конвенцияны (Рио-де-Жанейро, 1992) мақұлдады.
Осы Конвенция анықтағанындай, Қазақстан Республикасының биологиялық бүкiл әркелкiлiгiн сақтаудың басты мiндетi - микроорганизмдердi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн, сондай-ақ, табиғи экологиялық жүйелердi шаруашылық және басқа да қызметтердiң әсерiнен жоғалтуға жол бермей, сақтап қалу болып табылады.
Әлем жұртшылығы эндемикалық, сирек және құрып бара жатқан түрлер мен бiрегей, эталондық учаскелердi және бүкiл табиғи табиғат жүйелерiн сақтаудың неғұрлым тиiмдi шарасы ретiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру деп таныды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (бұдан әрi - ЕҚТА) болуы қоршаған ортаны қайта қалпына келтiрудiң кепiлi және көзi болып табылады.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында шаруашылық тетiктерiнiң қазiргi өзгерiстерiне байланысты, жер қорын пайдаланудың жағдайлары мен нысандары түбегейлi өзгердi. Бiр жағынан, жер иелену мен жер пайдалануды сараландыру процесі белсенді түрде жүруде, ұсақ шаруа және фермер қожалықтары құрылып, ауыл шаруашылығы кәсiпорындары ұсақталуда. Екiншi жағынан, жылдан жылға техногендiк әсерлердiң артуына және табиғи ресурстарды қырсыз пайдалануға байланысты жер қорының, табиғи ортадағы өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң сапалық жағдайы нашарлауда.
Осындай жағдайларда "Қазақстан - 2030" Стратегиясының, Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Z970160_ және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Z970162_ Заңдары негiзiнде ЕҚТА-ны, одан әрi дамытудың стратегиясын айқындау, басқарудың жаңа тәсiлдерi мен модельдерiн iздестiру қажеттiгi туындады.
2. Тұжырымдаманың мақсаты
Осы Тұжырымдаманың мақсаты республика аумақтарындағы табиғи экологиялық жүйелердi сақтау мен қалпына келтiруге, экологиялық тепе-теңдiктi сақтауға және табиғи кешендер мен олардың компоненттерiнiң дамуының заңдылықтарын анықтауға бағытталған, ЕҚТА желiсiн одан әрi дамыту және 2030 жылға дейiнгi кезеңде орналастыру болып табылады.
3. Тұжырымдаманың басты мiндеттерi
Осы Тұжырымдаманың басты мiндеттерi:
табиғи экожүйелердiң, эталондық және бiрегей табиғат кешендерiнiң және табиғи мұраға қалған басқа да объектілердiң бiртұтастығын сақтау;
бұзылған табиғи кешендер мен объектiлердi қалпына келтiру;
ЕҚТА-ны мақсатты пайдалану жағдайында табиғи кешендердi сақтаудың ғылыми әдiстерiн жасау және iске енгiзу;
ЕҚТА желiсiн ұйымдастыру;
ЕҚТА саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;
табиғат жағдайында реттелетiн туризм және демалыс үшін жағдай жасау, ЕҚТА-ның түрiн, оның функционалдық аймақтарын, әлеуметтiк-экономикалық факторлар мен жергілiктi халықтың мүдделерiн ескере отырып, туризм мен рекреацияны одан әрi дамыту;
халық арасында экологиялық ағартуды ұйымдастыру болып табылады.
4. ЕҚТА-ның қазiргi желiсiн бағалау
ЕҚТА-ның желiсi аймақтың табиғи физикалық-географиялық құрылымы мен шаруашылық қызметтің қилы түрiмен өзара iс-қимыл жасауын ескере отырып ұйымдастырылған, функционалдық жағынан бiрiн бiрi толықтыратын аумақтық жағынан үйлескен қорғалатын аумақтар болып табылады. ЕҚТА-ның желiсiн дамытудың мақсаты - ортаның және биологиялық әркелкілiктiң жай-күйiн сақтау мен жақсарту негізінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.
ЕҚТА-ның қазiргi желiсiн бағалау ЕҚТА-ны дамыту бойынша басымдықтарды, бағдарламалар мен iс-шаралар жоспарларын әзiрлеу үшiн негiз болады. Талдау физикалық-географикалық, климаттық, ботаникалық-географиялық аудандастырулар бойынша және географиялық-аймақтық негiзде тәуелсiз жүргiзiлуi мүмкін.
Баға берілетін неғұрлым жалпы көрсеткіштерге мыналар жатады: ЕҚТА-ның жалпы саны және олардың әрбiр түр бойынша бөлінуi; ерекше қорғалатын аумақ қамтитын көлемiнiң пайызы; қорғалатын аумақтың орташа геометриялық көлемi; қорғалатын аумақтардың арасындағы орташа қашықтық. Осы жалпы көрсеткiштер аймақтың физикалық-географиялық және әлеуметтiк-экономикалық қасиеттерiне сәйкес өзгередi және жүйенiң эволюциялық жай-күйiнiң деңгейін бағалауға мүмкiндiк бередi.
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мақсаттары, қорғау режимдерi және пайдалану ерекшелiктерiне байланысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтың 13 түрi бөлiп көрсетілген: мемлекеттiк табиғи қорықтар, биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи парктер, мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi, мемлекеттiк қорық аймақтары, мемлекеттiк табиғи қаумалдар, мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер, ерекше қорғалатын табиғат аумақтар ормандары, ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе ерекше ғылыми құндылығы бар су айдындары, халықаралық маңызы бар сулы-сазды жерлер, экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылығы бар жер қойнауының учаскелерi және ЕҚТА-ның өзге де түрлерi.
Қазiргi уақытта Қазақстанда 9 мемлекеттiк табиғи қорық, 6 мемлекеттiк
ұлттық табиғи парк, 3 мемлекеттiк зоологиялық парк, 7 мемлекеттiк ботаникалық бақ құрылған және жұмыс iстеуде, Рамсар Конвенциясының тiзiмiне енгiзiлген 3 халықаралық маңызы бар сулы-сазды жерлер, 150 ерекше мемлекеттiк маңызы бар су айдыны анықталды. ЕҚТА-ның барлық түрлерiнiң арасында, биологиялық әркелкiлiктi сақтауда жетекшi рольдi мемлекеттiк табиғи қорықтар (бұдан әрi - қорықтар) мен мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерi (бұдан әрi - ұлттық парктер) атқарады. Табиғи аймақтар бойынша қорықтар мен ұлттық парктердің орналасуы 1. Қорықтар: __________________________________________________________________________ р/с! Қорық !Құр. ! Көлемі,! Әкімшілік !Қорғалатын!Табиғи N ! атауы !ылған!мың га ! облысы !ландшафтар!аймақтар ! !жылы ! ! ! ! -------------------------------------------------------------------------- 1 Ақсу- 1926 85,6 Оңтүстік Таулы Таулы Жабағылы Қазақстан орманды 2 Алматы 1960 71,7 Алматы Таулы Таулы орманды 3 Барсакелмес 1939 30,0 Қызылорда Шөл Шөл 4 Батыс Алтай 1992 56,1 Шығыс Таулы Таулы Қазақстан орманды 5 Қорғалжын 1968 252,3 Ақмола Сулы- Дала сазды 6 Марқакөл 1976 75,0 Шығыс Таулы Таулы Қазақстан орманды, көл 7 Наурызым 1931 87,7 Қостанай Көл, дала Дала орман 8 Үстірт 1984 223,3 Маңғыстау Шөл Шөл 9 Алакөл 1998 12,5 Алматы Сулы- Шөлейт сазды Жиыны 894,2 ___________________________________________________________________________ 2. Ұлттық парктер: ___________________________________________________________________________ р/с! !Құр. !Аумағы, ! Әкімшілік !Қорғалатын !Табиғи N ! Атауы !ылған!мың га ! облысы !ландшафтар !аймақтар ! !жылы ! ! ! ! ___________________________________________________________________________ 1 Баянауыл 1985 50,7 Павлодар Қыратты (көл Дала қарағайлы орман) 2 Іле-Алатауы 1996 165,4 Алматы Таулы (шырша Таулы орманды, биік таулы) 3 "Көкшетау" 1996 135,8 Ақмола Орманды дала Орманды (қарағайлы дала орман, көл, дала) 4 "Алтын Емел" 1996 209,6 Алматы Шөл (тасты, Шөл құмдауытты) 5 Қарқаралы 1998 90,3 Қарағанды Дала (көл, Дала қарағайлы орман, дала) 6 "Бурабай" 2000 84,1 Ақмола Орманды дала Орманды (көл, дала қарағайлы орман, дала) Жиыны 724,9 ___________________________________________________________________________
Қорықтардың жалпы көлемі 894,2 мың гектар, ал ұлттық парктердікі - 724,9 мың гектар құрайды, олар Қазақстан Республикасының жалпы аумағының небәрi 0,59 пайызын ғана құрайды.
ЕҚТА-ның құрылымы аумақтардың шаруашылық игеру дәрежесiмен және аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуымен анықталады. Шаруашылық қызмет қарқынды жүргiзілетiн аудандарда ЕҚТА-ның меншiктi үлесi шағын болады, ал халқы сирек және шаруашылық қызметтiң қарқыны төмен аудандарда ондай ЕҚТА мүлдем болмауы мүмкiн.
Қазiргi ЕҚТА-ны дамуы бүкiл елiмiз және оның нақты аймақтарындағы табиғатты пайдалану мен биологиялық әркелкiлiктi сақтау функцияларының қатынасы және өзара iс-қимылымен, физикалық-географиялық жағдайларымен, табиғаты антропогендiк өзгерту деңгейiмен, әлеуметтiк-экономикалық қатынастармен, ағымдағы басымдықтарымен анықталатын iшiнара өз бетiмен ұйымдастырылатын жүйе ретiнде қараған орынды.
Қазақстанда мекендейтiн сүт қоректiлерiнiң 178 түрi iшiнде, 9 қорықта 140 (78,6 %) түрi қорғалады, оның iшiнде Қызыл кітапқа 22 түрi енгiзілген немесе осы кiтаптағы сүт қоректілерiнiң 61,1 % құрайды. Алтай, орталық қазақстан, қаратау және қызылқұм арқарларының мекен ететiн жерлерiне ЕҚТА қажет. Шөлдегi сүт қоректілерге - жайран, құлан, сабаншы, қарақалға да қорғалатын аумақтар жеткiлiксiз. Ақбөкен де жеткiлiксiз қорғалады, осы бағалы айыр тұяқтылардың төлдейтiн жерлерiнде бiрде бiр қорғалатын аумақ жоқ. Қорықтарда сүт қоректiлерiнiң 37 түрi (21,1 %) мүлде кездеспейдi, оның iшiнде 12 түрi Қызыл кiтапқа енгiзiлген. Олардың iшiнде Жайық өзенiнiң жазығында мекендейтiн сусар, орман күзенi, европа құндызы, Едiл-Жайық құмдарында мекендейтiн алып көртышқан, Батыс Тянь-Шаньдағы эндем - Мензбир суыры жатады. Бiрден бiр теңiз сүт қоректiсi - Каспий итбалығы, тек Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi қорықтық аймақта iшiнара қорғалады, себебi, аймақтың заңды тұлға мәртебесi жоқ.
Қорықтарда құстардың 346 түрi ұялайды, ол республикада ұялайтын барлық құстардың 87,4 % құрайды. Олардың iшiнде 39 түрi сирек және жойылу қаупi төнiп тұрған түрлерге жатады, бұл 76,5 %-ын құрайды. Бiрақ, олардың ішiнде тек кейбiреулерi ғана тиiстi қорғаумен қамтамасыз етiлген. Олар - бүркіт, жапалақ 9 қорықтың iшiндегi 6 қорықта ұялайды, сондай-ақ қоқиқаз өзінің Евразияның ең солтүстiгiндегі жалғыз колониясы Қорғалжын қорығында қорғалады. Бұйра бiрқазан, қалбағай, қарабай, дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ, орақ тұмсық, қарабауыр бұлдырық және тағы басқа қызыл кітаптағы құстар үшін де қорғалатын аумақтар көлемі өте аз құрылған.
Қорықтарда бауырымен жорғалаушылардың 31 түрі кездеседі (Қазақстан герпетофаунасының 63,2 %-ы).
Оларда қызыл кітаптағы 10 рептилияның тек 3 түрi кездеседi: Ақсу-Жабағылы қорығында - қызылжолақ қарашұбар жылан мен сары жылан және Үстiрт қорығында - төртжолақты қарашұбар жылан.
Қазақстан Республикасы қорықтарының су айдындарында кездесетін 104 балық түрiнiң 23 (22,1 %) ғана мекендейдi, мұның өзі гидроценоздарды қорғайтын қорықтардың жеткiлiксiздiгiмен түсiндiрiледi.
Сөйтiп, дала аймағының шөлейттi дала кiшi аймағында ерекше қорғалатын режим жоқ. Оңтүстiк (шамалы жылы) шөлдерде үзiктi түрде, тек Yстiрт қорығында көрiнедi, бiрақ сораңдар және басқа сирек өсiмдiктердiң ежелгi түрлерi, сирек және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерiне қорықтар жасалмаған. Таулы аудандарда - Оңтүстiк Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Қаратаудың өте сирек және бiрегей эндемик түрлерiне бай қыраттары. Кетпен, Күңгей және Жоңғар Алатауы, Ертiс, Ырғыз өзендерiнiң жағалаулары және Жайық пен Іле өзендерінің жағалаулары мен атыраулары да қорғауға алынбаған.
5. ЕҚТА желiсiн дамыту
ЕҚТА желiсiн дамыту ландшафтық экологияның теориялық ережелерi арқылы iске асырылады: 1) түйiнi (ядросы) мен дәлiздер туралы; 2) түйiндер арасындағы аумақтық өзара қарым-қатынастар туралы; 3) қорғанатын аумақтардың шекаралары және олардың қоршаған орта объектiлерiнiң ағымдарына әсерi мен өзара iс-қимылы туралы.
Басты ереже ретiнде ландшафты тану мен физикалық географияның мынадай көрсеткiштерi қолданылады: 1) табиғи-аумақтық жүйенің иерархиялық ұйымдастырылуы; 2) компоненттердiң арасындағы байланыстар мен қатынастар табиғаттың аумақтық құрылымын және шаруашылық қызметтiң барлық түрiн қалыптастырудың негiзi ретiнде; 3) ландшафтық ұстын - бүкiл аймақтың құрылымы мен қызметiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ететiн негiз.
Желiнi дамыту, сондай-ақ биологиялық әркелкiлiк теориясының мынадай негiзгi ережелерiне сүйенедi: 1) биологиялық әркелкілiк әр түрiн - экологиялық және таксономиялық әркелкiлiгiн, оның ішінде экологиялық әркелкiлiктiң ландшафтық, экожүйелiк, әртүрлiлiк, таралу деңгейiн бiлу;
2) әркелкiлiктiң деңгейлерi арасындағы байланыс; 3) биологиялық әркелкiлiктiң қоршаған ортаға тәуелдiлiгi; 4) биологиялық әркелкiлiк туралы түсінік - экономикалық даму мен ұлттық игiлiктiң ресурстық әлеуетi ретінде.
Бiр-бiрiн толықтыратын, жоғарыда аталған негiзгi ережелер осы тұжырымдаманың мақсаттарын орындау үшiн ЕҚТА-ны дамыту мен орналастыру жөнiндегi жасалатын бағдарламалардың бағыты мен сипатын анықтайды. Осы бағдарламаларда ЕҚТА жүйесiнiң қазiргi жағдайына баға берiледi, олардың дәйектi дамуының жолдары негiзделедi, жобаланатын ЕҚТА мен оларды орналастырудың тiзбесi айқындалады, сондай-ақ қаржы, адам және техникалық ресурстары есептеледі.
Республикалық маңызы бар ЕҚТА желiсiн дамыту салалық (секторлық) бағдарлама әзірлеу арқылы жүргiзіледi.
Жергілiктi маңызы бар ЕҚТА-ны ұйымдастыру салалық бағдарламаларды толықтыратын аймақтық бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.
Өте сирек кездесетін және салыстыруға құнды мәліметтер беретін табиғи экологиялық жүйелер мемлекеттiк табиғи-қорықтық қорының ықтимал объектiлерi болып табылады.
Шаруашылық қызмет нәтижесiнде қайта құрылып, бұзылған табиғи кешендер мен объектiлердiң де маңызы аз емес. Осындай аумақтарға қызығушылық, қазiргi уақытта олардың өзiндiк қайта қалпына келуi процесiнiң табиғи жолы жеткiлiктi түрде зерттелмеуiнен.
ЕҚТА-ды орналастыру негiзгi ценоз құрайтын түрлердiң өздерiнiң кең ауқымды экологиялық қолайлы алқабында, әрi олардың экологиялық шекаралары шегiндегi - салыстырмалы бiркелкi жазықтар, күрделi тау бедерлерi және түрлердiң таралып орналасуындағы тарихи жолдарының аудандары мен биологиялық әркелкілік орталығында болуы сияқты шарттардың орындалуын
талап етедi. Барлық осындай жағдайлар ЕҚТА-ға жүктелген әртүрлi функцияларды iске асырудың тиiмдiлiгiн анықтайды. Табиғи аумақтарды бағалау бойынша соңғы жылдары жүргiзiлген кешендi зерттеулер нәтижесiнде, барлық табиғат аймақтарында ЕҚТА-ны ұйымдастыру ұсынылады. Олардың шамамен алғандағы көлемi 10100 мың гектарға жуық. Табиғат аймақтары бойынша ЕҚТА-ны орналастыру ___________________________________________________________________________ ЕҚТА түрі ! Табиғат аймағы ! Көлемі, мың га ___________________________________________________________________________ Қорықтар Орманды дала 200,0 Дала 700,0 Шөлейт 600,0 Шөл 1500,0 Таулы аудан 500,0 Жиыны 3500,0 ___________________________________________________________________________ Ұлттық парктер Дала 500,0 Шөл 1200,0 Таулы аудан 1500,0 Жиыны 3200,0 Барлығы 6700,0 __________________________________________________________________________- Мемлекеттік табиғи Дала 1100,0 қаумалдар және Шөл 1800,0 табиғат Таулы аудан 500,0 ескерткіштері Жиыны 3400,0 Барлығы 10100,0 ___________________________________________________________________________
Сонымен қатар, көлемi 5700 мың га-дан астам жерде мемлекеттiк табиғи қаумалдар, 6,2 мың га жерде табиғат ескерткiштерiн қайта қалпына келтiру талап етiлуде.
Сөйтiп, болашақта ЕҚТА-ның жалпы аумағын 17 490 мың гектарға дейiн жеткiзу көзделiп отыр, ол республика аумағының 6,4 %-ын құрайды, оның iшiнде қорықтар - 1,6 %, ұлттық парктер - 1,4 %, мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен табиғат ескерткiштерi - 3,4 %.
Ұйымдастырылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау және оларды орналастыруды қаржыландыру жөнiндегi қаражаттың жыл сайынғы мөлшерi мемлекеттiк бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат мөлшерiне қарай өзгерiп отырады.
6. ЕҚТА-ны басқару жүйесi
Басқару жүйесiнiң жалпы стратегиялық мақсаты ЕҚТА-ды басқару жүйесiн жетілдiру және олардың барлық функцияларын толық іске асыру болып табылады. ЕҚТА-ның көп функциялық сипаты басқару жүйесiнiң сөзсiз күрделi құрылымын айқындайды. Сонымен бiрге, оны ұйымдастырудың кейбiр жалпы қағидаттарын айқындауға болады:
- ЕҚТА-ның функцияларын мемлекеттiк басқару органдары реттейдi;
- ЕҚТА-ның қызметтерiн үйлестiретiн, ЕҚТА-ның желiсiн дамытуға, заң базасын жетiлдiруге және заңдық нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк басқару органы болады.
Қазiргi уақытта ЕҚТА-ның көп функциялық сипаты басқару құрылымының ведомстволық сипатын анықтайды.
Ғылыми зерттеулердi басқару мынадай ретпен жүзеге асырылады: ЕҚТА-ның iргелi ғылыми зерттеулерi ғылым саласындағы орталық атқарушы органының басшылығымен жүргiзіледi, бұл ретте ЕҚТА жөнiндегi уәкiлеттi орган екiншi қатарға ысырылады. Қолданбалы ғылыми зерттеулердi жүргiзу кезінде жетекші рөл уәкілетті органға жүктеледi.
Басқару жүйесi, бiр жағынан, адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын дамыту арқылы өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық маңызын арттырады, екiншi жағынан, өзiнiң құрылымы шеңберінде мемлекеттік басқаруды жетілдiру жөнiнде ұсыныстар дайындайды.
7. ЕҚТА-ны пайдаланудың негiзгi қағидаттары
ЕҚТА-ны пайдаланудың сипаты қорғалатын аумақтардың түрлерi мен мөлшерi, физикалық-географиялық жағдайлары ерекшелiктерiнiң, қорғалатын экожүйелердiң жай-күйi және қорғалатын аумақтар мен олардың компоненттерiнiң көршілес аумақтардың экожүйелерiмен өзара іс-қимылымен анықталады.
Оларды пайдалану мақсатында қорғалатын аумақтарға әсер етудiң тәсiлдерi және тетiктерi бойынша мынадай негiзгi түрлеуге бөлуге болады:
бәсең әсер ету - өрттен қорғау үшiн жүргiзiлетiн арнайы шаралар, табиғи ортаға организмдердiң бөтен түрлерiн енгiзу және дәстүрлі шаруашылық қызмет;
белсендi әсер ету - ұдайы өсiм деңгейiнде басқару (ұдайы өсiмнiң бiр бөлiгiн алу, интродукция, сирек және құрып бара жатқан жануарларды қолдан өсiру және оларды кейiн табиғатқа жiберу), экожүйе және қауымдастық деңгейінде реттеу, рекреациялық және шектеулi шаруашылық қызметтiң басқа да түрлерiн жүргiзу.
Көптеген жағдайларда, ЕҚТА-ға әсер етудi, әсiресе, қорықтық экожүйелерге, олардың табиғи дамуы ЕҚТА-ны ұйымдастырудың мақсаттарына қағидаттық түрде қарама-қайшы болған кезде ғана қолданылатын ең соңғы шара деп қарау орынды. Бұл ретте, қорғалатын аумақтардың, ең алдымен, биологиялық әркелкiлiктi сақтау үшiн ұйымдастырылғанын есте ұстаған жөн. Осыған байланысты, кез келген белсендi әсер ету алдында жұмыс iстейтiн әсер ету тетiктерiн анықтауға, әсер ету объектiсiнiң қолайлы моделiн құруға және оның болжамдық мүмкiндiктерiн тексеруге бағдарланған барынша толық, ғылыми негiзделген зерттеу жүргiзiлуi тиiс. Осы модель негiзiнде әсер етудiң ауқымын, аймақтық конфигурациясын, уақыты мен сипатын, оның салдарларын бақылауды қамтамасыз еткен кезде есептеуге болады.
8. ЕҚТА-ны қорғауды ұйымдастырудың негiздерi
ЕҚТА-ны қорғаудың тиiмдiлiгi, ең алдымен, жергiлiктi халықпен өзара iс-қимыл жасаудың, оның ЕҚТА-ға деген көзқарасы және түсiндiру жұмысының сапасымен қамтамасыз етiледi. Қорғау сирек тәртiп бұзушылықтың жекелеген жағдайларына ғана кедергi бола алады, бiрақ, жаппай антропогендiк қысымға төтеп бере алмайды. Әдетте, қорғау қызметкерлерiмен тартыстар ежелгi дәстүрлерден және жергiлiктi биологиялық ресурстарды, бiрiншi кезекте, жемiстер, саңырауқұлақтар, рекреацияның бiрегей жағдайларын, аңшылық және балық ресурстарын пайдаланудың экономикалық қажеттiлiгiнен туындайды. Ресурстардың ерекше жоғары шоғырланған жерлерiнде, қол жеткiзу оңай аумақтарда осындай теріс әсерлерге қарсы тұру, іс жүзінде, мүмкін емес. Сондықтан, ЕҚТА-ны қорғауды күшейту, қорғау қызметінің жұмысына талаптарды күшейтумен қатар, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
9. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын және экологиялық
мониторингтi ұйымдастырудың негiзгi қағидаттары
ЕҚТА-ның жүйелерi, бiрiншi кезекте биологиялық әркелкілiктiң жай-күйi мен проблемаларын экологиялық нормалауға және экологиялық мониторингтi зерделеуге байланысты ғылым бағыттарын дамытуы тиiс. Ғылыми зерттеулер мынадай бағыттарда жүргізілуі тиіс: мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін түгендеу және зерттеу, оларды қорғау және қалпына келтіру жөнінде ғылыми негізделген шаралар әзірлеу, табиғат процестерінің табиғи ағымын және экологиялық жүйеге қорғау режимінің әсерін зерттеу, қорық ісінің, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғатты ұтымды пайдаланудың, сирек және құрып кету қаупі төнген жануарларды өсіру, өсімдіктердің жабайы және дақылдық түрлерін сұрыптау мен оларды көбейтудің ғылыми негiздерiн әзiрлеу.
Осы бағыттарды әзiрлеу iргелi ғылымның тиiстi бөлiмдерімен, қазiргi заманғы әдістемемен және әдiспен қамтамасыз етiледi. Қолданбалы ғылыми зерттеулер ғылыми процестiң қазiргi заманғы бүкiл кезеңдерінде жеткіліктi дәрежеде толық теориялық-әдiстемелiк талдамаларымен, нақты әдiстемелiк нұсқаулармен және тиiсiнше қамтамасыз етiп жүргiзілуi тиiс.
Қорықтар жүйесi табиғи процестердi, экожүйенiң жағдайы мен серпiнiн, олардың маңызды компоненттерiн репрезентативтi, географиялық аймақтар негiзiнде сипатталады. Сондықтан, өсiмдiктер және жануарлар дүниесiнің әртүрлi таксондарын жүйелендiру жөнiндегi мамандармен қамтылған, аймақтың биологиялық әркелкілiктi терең зерттеуге маманданған қорықтарды бөлектеу қисынды.
Ұлттық парктердегi ғылыми зерттеулер, негiзiнен, биологиялық әркелкiлiктi және оған рекреациялық және шаруашылық қызметтiң әртүрлi нысандарының әсерiн зерттеуге жұмылдырылуы тиiс.
ЕҚТА-ның аумақтық және интеллектуалдық оқшаулануының салдарларын азайтатын мақсатты iс-қимылдар маңызды ұйымдастыру қағидаты болып табылады.
10. Туристiк және рекреациялық қызметтi ұйымдастыру
Бұл қызметтi iске асырудың мақсаты - табиғат жағдайларында халықтың белсендi демалуын қамтамасыз ету және туристер мен демалушыларды табиғи және тарихи-мәдени көрнектi жерлермен таныстыру.
Ұлттық парктерде табиғи аумақтардың рекреациялық сыйымдылығын ескере отырып, туристер мен келушілердiң ағынын реттеу жүйесiн енгізу, туристiк бағыттар мен соқпақтарды жасап, оларды жайластыру, туристер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, рекреациялық қызметтер үшін тиiстi инфрақұрылым құру және туристiк бағыттар мен соқпақтардың эстетикалық сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргiзу қажет.
Қорықтарда, әлеуметтiк-экономикалық тиімділігі жеткілікті болған жағдайда, мемлекеттiк табиғи қорық қорының объектiлеріне қауiп төндiрмейтiн ғылыми-танымдық туризмдi белгіленген тәртiппен ұйымдастыру қажет.
11. Экологиялық ағартуды ұйымдастырудың
негiзгi бағыттары
ЕҚТА-дағы экологиялық ағартудың неғұрлым тиiмдi нысандарына мыналар жатады: бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, жарнамалық-баспа қызметi, кино және бейне өнiмдерiн шығару, мұражай iсi және келушiлердi қабылдау, экологиялық экскурсиялар мен шаралар, оқушылардың экологиялық лагерлерi мен экспедициялары, оқушылармен және бiлiм органдарымен жұмыстың өзге де нысандары.
12. Қорытынды
Осы Тұжырымдаманы жүзеге асыру ЕҚТА желiсiн мақсатты дамыту мен орналастыруға табиғи эталондар, төлтумалар мен реликтiлер, ғылыми зерттеулер, оқу-ағарту, бiлiм беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде айрықша экологиялық, ғылыми және мәдени құндылығы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiн сақтау қалпына келтiру және қорғауды дәйектi түрде күшейтуге мүмкiндiк бередi. Бұл ретте нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру, жаңа ЕҚТА-ны құру және ғылыми зерттеулердi, мониторингтi, туризмдi, рекреация мен экологиялық ағартуды жүргiзу арқылы ЕҚТА-ны
дамытуға мүмкiн болады. Ол республиканың экожүйелерi табиғи компоненттерiнiң тұрақтылығын, оларды тұрақтылықтың белгiлі бiр деңгейiнде ұстау, тiрi және өлi табиғаттың өзiн өзi реттеу қабiлетi мен әркелкi нысандарын, оның iшiнде, жойылуға шақ қалған тiрi организмдердiң тектiк қорын сақтауға мүмкiндiк бередi. Оқығандар: Багарова Ж.А., Икебаева А.Ж.