1. Қосымшаға сәйкес құрамда Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелерi
жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы 29 қаңтардағы N 22 R980022_ өкiмiне мынадай өзгерiс енгізiлсiн: 4-тармақтағы "және 2" деген сөздер алынып тасталсын. 4. "Құбыр желiсi көлiгін дамыту жөнiндегi кейбiр мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1999 жылғы 7 маусымдағы N 77 R990077_ өкiмiнiң күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1686 қаулысына қосымша Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы Тоқаев - Қазақстан Республикасының Премьер- Қасымжомарт Кемелұлы Министрi, төраға Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер- Даниял Кенжетайұлы Министрiнiң орынбасары, төрағаның орынбасары Қабылдин - "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау Қайыргелді Мақсұтұлы жөнiндегi компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының вице-президентi, атқарушы хатшы (келiсiм бойынша) Иденов - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Мақсат Бағытұлы кеңесшiсi (келiсiм бойынша) Әбіқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы Нұртай Әбіқайұлы iстер бiрiншi вице-министрi Балғымбаев - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ Нұрлан Өтепұлы компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының президентi Келімбетов - Қазақстан Республикасының Стратегия- Қайрат Нематұлы лық жоспарлау жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы (келiсiм бойынша) Қаппаров - Қазақстан Республикасының Энергетика, Нұрлан Жамбылұлы индустрия және сауда вице-министрi Құлыбаев - "ҚазТрансОйл" ұлттық мүнай тасымалдау Темір Асқарұлы жөнiндегі компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының президентi (келiсiм бойынша) Досаев - Қазақстан Республикасының Қаржы Ерболат Асқарбекұлы вице-министрi Аханов - Қазақстан Республикасының Экономика Серік Ахметжанұлы бірінші вице-министрі Ұжкенов - Қазақстан Республикасының Табиғи Болат Сұлтанұлы ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Елеманов - Қазақстан Республикасының Болат Далдайұлы Инвестициялар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Қарабалин - "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік Ұзақбай Сүлейменұлы қоғамының президенті (келісім бойынша) Котлов - Қазақстан Республикасының Әділет Андрей Николаевич вице-министрі Елубаев - Қазақстан Республикасының Ұлттық Бауыржан Ысқақұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1686 қаулысымен бекiтiлген Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Ведомствоаралық комиссия қызметiнiң басты мақсаты - экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелерi бойынша келiсiлген тиiмдi саясат әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар даярлау.
2. Ведомствоаралық комиссияның жұмыс тәртiбi
3. Комиссияны Төраға басқарады.
4. Ведомствоаралық комиссияның отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi және егер оған ведомствоаралық комиссия мүшелерi жалпы санының кемінде үштен екiсi қатысса, құқылы деп саналады.
5. Ведомствоаралық комиссия шешiмi ведомствоаралық комиссия мүшелерi жалпы санының жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Хаттамамен ресiмделедi және ұсыныстық сипатта болады. Ведомствоаралық комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең болған кезде Төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы қызметiн "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау жөнiндегi компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы орындайды.
3. Ведомствоаралық комиссияның мiндеттерi
мен қызметi
6. Ведомствоаралық комиссияның негізгi мiндеттерi мен қызметi:
1) Экспорттық мұнай және газ құбырларын дамытудың бас жоспарын әзiрлеу;
2) Қазақстан Республикасының стратегиялық мүдделерiн ескере отырып, мұнай және газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерi құрылысының басым жобаларын белгiлеу;
3) экспорттық мұнай-газ құбырлары жобаларының техникалық-экономикалық құжаттамаларының дайындалу барысын және осындай жобаларды iске асыру жөнiндегі келіссөздердi қарау;
4) экспорттық мұнай-газ құбырларын салудан балама жобаларын iске асырудың экономикалық, саяси, экологиялық, әлеуметтiк және басқа да астарларын талдау;
5) басым жобалар бойынша келiссөздер жүргiзу стратегиясын белгiлеу;
6) таңдап алынған басым жобалар бойынша келiссөздердi, соның iшiнде мүдделi елдермен, инвесторлармен және мұнай компанияларымен болатын техникалық-экономикалық негіздемелер дайындау және мұнай-газ құбырларын салуға байланысты мәселелер бойынша барлық келiссөздер мен консультацияларды үйлестiру;
7) мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымын дамытудың ұзақ мерзiмдi стратегиясын және басым жобаларды iске асыруға жауапты мемлекеттiк басқару органдары мен ұйымдарының қызметiн үйлестіру.
4. Ведомствоаралық комиссияның құқықтары
7. Ведомствоаралық комиссияның белгіленген тәртiпте және өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының экспорттық мұнай-газ құбырларын дамыту жөнiндегі саясатын бекiту және оған түзету енгізу, осы мәселе бойынша басқа елдермен, мұнай компанияларымен және инвесторлармен өзара қарым-қатынас жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
2) экспорттық мұнай-газ құбырларын салудың басым жобаларын таңдап алу, таңдап алынған жобалар бойынша келiссөздер жүргiзу стратегиясы жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
3) Комиссия құрамын өзгерту жөнiнде туралы ұсыныстар енгiзуге;
4) мұнай-газ құбырларын салу жобаларын дайындау және iске асыру жөнiнде уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сараптамалық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
5) Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының мамандарын және консультанттарды экспорттық мұнай-газ құбырларының балама жобаларын iске асырудың экономикалық, саяси, экологиялық және әлеуметтiк астарларына баға беру, Қазақстан Республикасының стратегиялық мүдделерiне жауап беретiн басым жобаларды таңдап алу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және енгізу үшiн тартуға;
6) Ведомствоаралық комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратып алуға;
7) Ведомствоаралық комиссия отырыстарында Қазақстан Республикасы
мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жауапты өкiлдерiн, сараптамалық және жұмыс топтарының басшыларын тыңдауға; 8) қажеттi зерттеулердi орындау үшiн гранттар және техникалық көмек түрiнде қаржыландыру тарту туралы ұсыныстар енгiзуге; 9) экспорттық мұнай-газ құбырларын дамыту мәселелерi бойынша мүдделi мұнай компанияларының, ассоциациялардың және мұнай компаниялары топтарының ұсыныстары мен пiкiрлерiн тыңдауға құқығы бар. 5. Ведомствоаралық комиссия жұмыс органының мiндеттерi мен қызметі 8. Ведомствоаралық комиссия жұмыс органының негізгі мiндеттерi мен қызметi: 1) Ведомствоаралық комиссия отырыстарын дайындау; 2) ақпараттарды қажеттi зерттеулер мен талдау жүргізу; 3) Ведомствоаралық комиссия құзыретiне жататын мәселелер бойынша Ведомствоаралық комиссия шешiмдерiн дайындау; 4) басқа елдердiң мүдделi мемлекеттiк органдарымен, мұнай компанияларымен және инвесторлармен техникалық-экономикалық негiздемелер дайындау және мұнай мен газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерi құрылысы жобаларын iске асыру мақсатында келiссөздер мен консультациялар өткiзу. 6. Ведомствоаралық комиссия қызметiн тоқтату 9. Ведомствоаралық комиссия қызметiн тоқтатуға: 1) Ведомствоаралық комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы; 2) Ведомствоаралық комиссияға бұрын жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органның немесе өзге Ведомствоаралық комиссияның құрылуы; 3) Ведомствоаралық комиссияның мiндетi орындалмайтын не оның орындалуын тиiмсiз ететiн өзге де мән-жайлар негіз болады. Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.