1. "Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы N 1592 P991592_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 49, 475-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы екінші және үшінші бағандар алынып тасталсын. 2. "Алкогольді өнімдердің айналымын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 маусымдағы N 543 P980543_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 18, 159-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.