Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагері" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 қараша N 1679

Қолданыстағы
      Балалардың, жасөспiрiмдердiң демалуын, сауықтырылуын ұйымдастыру және олардың шығармашылық қабiлетiн дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорын жөнiнде мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi мiндеттерiн жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi:
      1) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауықтырылуын, демалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру;
      2) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауығуы, демалуы кезiнде бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруi үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
      3) балалардың халықаралық және республикалық мәдени-көпшiлiк, ғылыми-практикалық iс-шараларын өткiзу болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Астана" санаторий-профилакторийiнiң (Шортанды көлi) мүлiктiк кешенiн заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны теңгерiмiнен Кәсiпорын теңгерiмiне берудi қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi:
      1) Кәсiпорын жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) тегiн сауықтырылуға құқығы бар тұлғалар санатын, сондай-ақ Кәсiпорынның оларды күтуге кеткен шығынын толтыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп белгiлесiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-156-жолмен толықтырылсын: "470-156. "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Щучинск қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 P991754_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және

ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
     "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" 1-бөлiмi мынадай мазмұндағы 
реттiк нөмірі 157-7-жолмен толықтырылсын:
"157-7. "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" 
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".
     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

     
Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.