Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Өндiрiстiк-пайдалану басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 3 қараша N 1669

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Өндiрiстiк-пайдалану басқармасы" мемлекеттiк кәсiпорны "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi уәкiлеттi орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада

 

белгiленген тәртiппен:

     1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     4. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы"

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 

P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 жылғы N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

     көрсетiлген қаулымен бекiтілген мемлекеттiк кәсiпорындардың

тiзбесiндегi "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi"

бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 44-6-жолмен толықтырылсын:

     "44-6 Қазақстан Республикасы

     Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң

     шаруашылық басқармасы" республикалық

     мемлекеттiк кәсiпорны

     (шаруашылық жүргiзу құқығында)                   Астана қаласы".

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі 


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Омарбекова А.Т.