Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігінiң "Егемен Қазақстан" республикалық мемлекеттiк ұлттық қоғамдық-саяси газетi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 2 қараша N 1658

Қолданыстағы

      "Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудiң және басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 P990683_ қаулысына сәйкес және "Егемен Қазақстан" республикалық газетiн әрi қарай дамыту, қазiргi заманғы менеджмент және маркетинг негiзiнде оның бәсекелестiк қабiлетiн арттыру және инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Егемен Қазақстан" республикалық мемлекеттiк ұлттық қоғамдық-саяси газетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталында мемлекеттiң жүз пайыздық қатысуымен "Егемен Қазақстан" республикалық газетi" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Егемен Қазақстан" ААҚ) етiп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Егемен Қазақстан" ААҚ-ның жарғысын бекiткен кезде редакциялық, баспагерлiк, жарнамалық және ақпараттық қызмет көрсетулердi орындау оның қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгiлесiн;
      2) "Егемен Қазақстан" ААҚ-ның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi

 

мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен

шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiндегi:

     "Астана қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-9-жолмен

толықтырылсын:

     "21-9            "Егемен Қазақстан" республикалық газетi" ААҚ";


     2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк

пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi

құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27

мамырдағы  N 659 


P990659_


  қаулысына:

     көрсетiлген қаулының қосымшасындағы:

     "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм

министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-2-жолмен

толықтырылсын:

     "224-2            "Егемен Қазақстан" республикалық газетi" ААҚ".


     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Омарбекова А.Т.