Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 ақпандағы N 253 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 2 қараша N 1657

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 16 ақпандағы N 253 P000253_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 7, 94-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасындағы:
      "2. Жердiң нақты меншiк иелерiн және жердi пайдаланушыларды қалыптастыру" деген бөлiмнiң алтыншы тобының "Шетелдiк жер пайдаланушылар" деген бесiншi абзацы алынып тасталсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Жерге

 

құқықтарды қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын

жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралардағы:

     реттiк нөмiрi 1.2 - жолдағы:

     5-бағанның екiншi және үшiншi абзацтарындағы "2000 жылдың 4-тоқсаны"

деген сөздер "2001 жылдың 2-тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2, 3, 4 және 5-бағандардың төртiншi абзацы алынып тасталсын;

     реттiк нөмiрi 2.2 - жолдағы, 2, 3, 4 және 5-бағандардың үшiншi

абзацы алынып тасталсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және

жариялауға жатады.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Омарбекова А.Т.