Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 қазан N 1626

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегі N 499 P990499_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiндегi:
      "Басқа ұйымдар" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 55-2-жол алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 500 қаулысына P990500_ (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 164-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тiзбесiндегi:
      "Мұражайлар" бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 19 "Алтын және қымбат бағалы металдар мұражайы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алтын және қымбат бағалы металдар мемлекеттiк мұражайы";
      3) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 P000229_ қаулысына:

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджеттiң қаражаты 
есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы 
органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының 
лимиттерiндегi:
     6 "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм 
министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Алтын және қымбат бағалы металдар мемлекеттiк мұражайы 25".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.