Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік
терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998
жылғы 21 сәуірдегі N 367
қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 12, 98-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшада:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология
комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Әбділдин Жабайхан - Қазақстан Республикасының Парламенті
Мүбәракұлы Сенатының депутаты, академик, философия
ғылымдарының докторы (келісім бойынша)
Әлісжанов Сарқыт - Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік
Қалымұлы университетінің доценті, филология
ғылымдарының кандидаты, комиссия хатшысы
(келісім бойынша)
Бодаубаев Болат - Қазақстан Республикасының Парламенті
Қамиұлы Сенатының Аударма, редакциялау және
Парламент кесімдерін шығару бөлімінің
меңгерушісі, жазушы (келісім бойынша)
Дәленов Ерболат - Ақмола медицина академиясының профессоры,
Дербісәліұлы медицина ғылымдарының докторы
(келісім бойынша)
Ерғожин Еділ - Қазақстан Республикасының Білім және
Ерғожаұлы ғылым вице-министрі, академик, химия
ғылымдарының докторы
Есқожин Жәдігер - С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық
Зарлықұлы университетінің доценті, ауыл шаруашылығы
ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)
Жолдасбеков - Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік
Мырзатай университетінің ректоры, филология
Жолдасбекұлы ғылымдарының докторы (келісім бойынша)
Құрманбайұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
Шерубай университетінің кафедра меңгерушісі,
филология ғылымдарының докторы
(келісім бойынша)
Мұртаза Шерхан - Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның
халық жазушысы (келісім бойынша)
Сапарбекова Әлия - Қазақстан Республикасының Президенті
Әдейханқызы Әкімшілігінің Редакциялық сараптама
секторының меңгерушісі (келісім бойынша)
Сейдімбек Ақселеу - Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік
университетінің профессоры, филология
ғылымдарының докторы (келісім бойынша)
Серғалиев - Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік
Мырзатай университетінің кафедра меңгерушісі,
Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент
мүшесі, филология ғылымдарының докторы
(келісім бойынша)
мыналар: Ө.А.Жолдасбеков, Ж.Ысмағұлов, М.Құлкенов, А.Р.Рақышев,
Ж.Кенжалин, М.Мағауин, К.С.Матыжанов, С.Оспанов, Ж.Сыдықов, Н.У.Уәлиев,
Б.Хасанов, Қ.Ысқақов көрсетілген құрамнан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.