Алматы қаласындағы метрополитен құрылысын аяқтау және бірінші желісін іске қосу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 қазан N 1611. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.07.12. N 950 қаулысымен. ~P010950

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Алматы қаласы әкiмi аппаратының күрделi құрылыс кәсiпорны" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының (бұдан әрi - Заем алушы) заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен тартатын мемлекеттiк емес заемның қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Алматы қаласындағы метрополитен құрылысын аяқтау және бiрiншi желiсiн iске қосу жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген, берiлетiн мемлекеттiк кепiлдiктер лимитiнiң шегiнде тартылатын мемлекеттiк емес заем бойынша мiндеттемелердi Заем алушының орындауын қамтамасыз етуi ретiнде жалпы сомасы 50000000 (50 миллион) АҚШ доллары сомасында кредиторларға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берсiн;
      Заем алушымен көрсетiлген мемлекеттiк кепiлдiктi беруге байланысты туындайтын мiндеттемелерiн қамтамасыз ету туралы тиiстi келiсiм жасассын.
      3. Заем алушы заңнамада белгiленген тәртiппен:
      мемлекеттiк кепiлдiктi алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етсiн;
      көрсетiлген заемды өтеу және оған қызмет көрсетуге арналған қаражатты

 

2001 жылдан бастап жергiлiктi бюджетке енгiзу жөнiндегi жергiлiктi

атқарушы органның мiндеттемесiн берсiн.

     4.



     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.30. N 1963     

              қаулысымен. 


P001963_



     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.