Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы: реттік нөмірі 32-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтанға қарсы жұмыстар". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Багарова Ж.А. Омарбекова А.Т.