Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті" және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Дипломатиялық академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 қазан N 1589

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетi" және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң "Дипломатиялық академиясы" республикалық мемлекеттiк Қазыналық кәсіпорындарын оларды қосу жолымен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы органы болып Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң қайта ұйымдастырылатын "Дипломатиялық академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын 2000 жылғы 1 қарашаға дейiн Астана қаласына көшiру туралы ұсыныстарына келiсiм берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның құрамында "Дипломатиялық академиясы" құрылымдық бөлімшесін, оған мынадай функцияларды:
      дипломатиялық қызмет кадрларын қайта даярлауды;
      Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілеттi елшілерінің және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының біліктілігін көтерудi, сыртқы қызметпен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерiн қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн көтерудi бере отырып, құруды;
      2) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң "Дипломатиялық академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының бұрынғы қызметкерлерi үшiн Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттiк университетiнде бұрын атқарған қызметтерiнiң жұмыс кезеңiне "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық академиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 қыркүйектегi N 1102 P961102_ қаулысында көзделген еңбекақы төлеу шарттарын сақтауды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
      6. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк

кәсiпорындардың тiзбесiндегi:

     "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмiндегi

реттiк нөмiрi 470-108-жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "470-108 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

              мемлекеттiк университетi                Астана қаласы";

     "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi" бөлiмiндегi

реттiк нөмiрi 506-1-жол алынып тасталсын.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.