Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 220 және 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 қазан N 1572

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 220 қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарындағы:
      реттік нөмірі 39-1-жол алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 13-14, 140-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі 
іс-шаралардың жоспарындағы:
     3.3. Салық және бюджет саясаты бөлімінің 3.3.1. Салық-бюджет 
саясатының тиімділігін арттыру және бюджет тапшылығын инфляциялық емес 
қаржыландыру бөлімшесіндегі:
     реттік нөмірі 3.3.1.26-жол алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.