Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 сәуірдегі N 688 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 қазан N 1567

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Германия Федеративтік Республикасында Қазақстан Республикасының меншігіне жылжымайтын мүлік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 сәуірдегі N 688 P970688_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      "Қазақстан Республикасының меншігіне: Рюстерналлее, 18, Берлин-Вестенд мекен-жайы бойынша бұрын сатып алынған ғимаратты сатып, аталған жылжымайтын объектіні сатудан түскен қаражатты кейін, Қазақстан Республикасы Елшілігі офисін орналастыру үшін, Қазақстан Республикасының меншігіне Германия Федеративтік Республикасының жаңа астанасындағы: Норденштрассе, 14-15, Берлин-Панков мекен-жайы бойынша ғимарат сатып алуға бағыттауға рұқсат етілсін" деген сөздер "Төменде көрсетілген жылжымайтын объектілерді сатудан алынған ақшаны кейіннен Қазақстан Республикасының меншігіне Германия Федеративтік Республикасының жаңа астанасында: Қазақстан Республикасы Елшілігінің офисін орналастыру үшін - Норденштрассе, 14-15, 13156 Берлин-Панков; Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісінің резиденциясына арналған - Маяковскийринг 5-7, 13156 Берлин мекен-жайлары бойынша ғимараттарды сатып алуға жұмсайтын болып, Қазақстан

 

Республикасының меншігіне Рюстерналлее, 18, 14050 Берлин; Энглераллее, 27,

Берлин; Луизенштрассе, 116, Бонн мекен-жайлары бойынша сатып алынған

ғимараттарды сатуға рұқсат етілсін" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Шарипова М.Е.