1. "Шағын кәсіпкерлiк жөнiндегi республикалық ақпараттық-көрме орталығы" (бұдан әрi - РАКО) жабық акционерлiк қоғамы оның жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен құрылсын.
2. РАКО қызметiнiң негiзгi нысанасы:
шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
шағын кәсiпкерлiк проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн ақпарат желiсiн құру және дамыту;
көрмелер ұйымдастыру;
шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымын (технопарктердi, бизнес-инкубаторларды, оқу орталықтары мен инфрақұрылымның басқа да объектiлерiн) дамыту;
шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыс iстейтiн адамдарды оқытуды ұйымдастыру болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi РАКО-ның жарғылық капиталын 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестiң мемлекеттiк бағдарламасы" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен қалыптастыру үшiн 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде сома бөлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
РАКО-ның Жарғысын бекiтсiн және мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
мемлекеттiк тiркеуден кейiн РАКО акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiне берсiн.
5. Астана қаласының әкiмi белгiленген тәртiппен РАКО-ны орналастыру үшiн қажеттi үй-жай бөлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi шаралар қолдансын.
7. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Шағын кәсіпкерлiктiң республикалық ақпараттық-көрме орталығын
құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 14 наурыздағы N 325 P970325_ қаулысы; 2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 наурыздағы N 325 P970325_ қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 шiлдедегi N 1039 P971039_ қаулысы. 8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн. 9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.