Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. <*>
Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.06.19. N
675
қаулысымен.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.14. N
674
қаулысымен.
3. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік комиссиясының құрамынан Бауыржан Әлiмұлы Мұхамеджанов шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегі Мемлекеттiк комиссиясының құрамы туралы Ережеде:
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi жөнiндегi қаулыларының жобаларын (бұдан әрi - жобалар) Комиссияның жұмыс органы әзiрлейдi және экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi мәселелерi жөнiндегi кiшi комиссияның мүшелерiне (бұдан әрi - бiрiншi кiшi комиссия) жiберiледi. Бiрiншi кiшi комиссияның мүшелерi жобаны алғаннан кейiн екi күн iшiнде Комиссияның жұмыс органына келiсiм-хаттар (ескертпелерi бар келiсiм-хаттар, не келiсiмнен дәлелдi бас тарту) жiбередi.
Келiсiмнiң мерзімі өткеннен кейін Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне тиiстi жобаны енгiзедi, бұл ретте жобаларда бiрiншi кiшi комиссия мүшелерiнiң немесе мемлекеттiк органдар басшыларының қолы болуы талап етiлмейдi.
Жобаға мiндеттi түрде мыналар қоса берiледi:
түсiндiрме жазба;
келiсiм-хаттар (ескертпелерi бар келiсiмдер, не болмаса келiсiмнен дәлелдi бас тарту).
Ескертпелерi бар келiсiм-хаттар (дәлелдi бас тарту) болған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы жобаға қоса берiлетiн келiспеушiлiк хаттамасын жасайды.
Бiрiншi кiшi комиссия мүшесiнен келiсiм-хат болмаған жағдайда, мұның себептерi iлеспе хатта көрсетiледi.
16. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi жөнiндегi қаулыларын Yкiмет қажет болған жағдайда, олар бiрiншi кiшi комиссия мәжiлiстерiнде қаралғаннан кейiн қабылдай алады.".
4. "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртiбi мен Қазақстан Республикасына әкелiнетiн экспорттық бақылауға жататын өнiмдi пайдалану жөнiндегi мiндеттемелердi ресiмдеу және олардың атқарылуын бақылаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1919
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 55-56, 546-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртiбiндегi:
6-тармақтағы:
7) тармақшаның бiрiншi абзацында "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылған сипаттағы" деген сөздер алынып тасталынсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Импорттаушы елдiң түпкi пайдаланушысының импорттық сертификатының түпнұсқалылығын растауды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлiгi жүзеге асырады.
Ядролық қарулардың, басқа да ядролық жарылғыш құрылғылардың, оның iшiнде бастапқы немесе арнайы ыдыратылатын материалдың экспортын жүзеге асыру кезiнде Ядролық қаруы бар ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушы мемлекеттерден (1968 жылғы 1 шiлде, Женева) түпкi пайдаланушының импорттық сертификатын ұсыну талап етiлмейдi.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Түпкi пайдаланушының импорттық, сертификаты мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс:
1) импорттаушының толық атауы мен оның мекен-жайы (егер делдал импорттаушы болған жағдайда);
2) түпкi пайдаланушының толық атауы мен мекен-жайы;
3) түпкi пайдаланушының елi;
4) тауарлардың атауы, саны мен ТМД СЭҚ ТН коды;
5) өнiмнiң тек түпкi пайдаланушы елдiң мұқтажы үшiн пайдаланылатыны және Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органының рұқсатынсыз үшiншi елге қайта экспортталмайтыны және берiлмейтінiне кепiлдiк;
6) түпкi пайдаланушының сертификатына қол қойған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты, оның қолы, лауазымы және импорттаушы елдiң уәкiлеттi органының мөрi;
7) түпкi пайдаланушының импорттық сертификатының берiлген күнi.";
19-тармақтағы:
2) тармақшада "пайдаланылуын тексеруге" деген сөздерден кейiн "(бұл мiндет бастапқы немесе арнайы ыдыратылатын материалды экспорттаушы Ядролық қаруларды таратпау шартына қатысушы мемлекеттерге қолданылмайды)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Өнiмдермен импорттық операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензиялық ережеде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органының рұқсатынсыз өзге тұлғаларға импортталатын өнiмдердi беруге жол бермеу туралы импорттаушының мiндетiн қамтуы тиiс.".