Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы N 38 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 16 қазан N 1535

Қолданыстағы
      "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері туралы" Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы N 38 қаулысына (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., N 5, 23-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақ ССР-інің республикалық маңызы

бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміндегі:
     "Алматы қаласы" бөліміндегі "Алма-Ата" деген сөз "Алматы" деген 
сөзбен ауыстырылсын және мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының
Бірінші Президентінің Резиденциясы"
тарихи-мәдени                         Фурманов        тарих
және сәулет кешені                    көшесі, 205     сәулет".
     2. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.