Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Алатау" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 16 қазан N 1531

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "АЛАТАУ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) шаруашылық жүргiзу құқығымен құрылсын. 

      2. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiленсiн. 

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негізгi мәнi мыналар болып анықталсын: 
      1) спорт ғимараттарын, спорттық жабдықтарды басқарумен және пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыру; 
      2) спорт ғимараттарын ұстау, дамыту және құрылысын салу. 

      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында тiркелуiн өткiзудi қамтамасыз етсiн; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

      5. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк  кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 461-12-жолмен толықтырылсын:
      "461-12 "АЛАТАУ" республикалық
      мемлекеттік кәсіпорны 
      (шаруашылық жүргiзу құқығымен)       Астана қаласы."

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі