1. "Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) мынадай мазмұндағы 8-қосымшамен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына 8-қосымша
Экспорты Қазақстан Республикасының халықаралық
міндеттемелеріне сәйкес экспортқа арналған құжаттар бойынша жүзеге асырылатын тауарлар тізбесі -------------------------------------------------------------------- Тауардың атауы СЭҚ ТН коды Негіздеме -------------------------------------------------------------------- 1 2 3 -------------------------------------------------------------------- Ені 500 мм-ден 7211 23 990 1999 жылғы 15 желтоқсанда аспайтын 7211 29 500 Брюссель қаласында (Бельгия орамдардағы 7211 29 900 Корольдігі) қол қойылған көміртекті болаттан 7211 90 900 Еуропалық Қауымдастық (ЕҚ) жасалған жалпақ прокат пен КБЕБ туралы халықаралық келісімдерде көрсетілген болат бұйымдарының Қазақстаннан ЕҚ-ға экспортына қатысты 7211 23 910 сандық шектеулерсіз қосарлы Бағдарланбаған бақылау жүйесін белгілейтін түйіршікті электр- 7225 19 100 Қазақстан Республикасының техникалық болаттан Үкіметі мен Еуропалық жасалған жалпақ Бірлестік арасындағы хат алмасу прокат 7226 19 100 нысанындағы келісім 7226 19 300 7226 19 900 Бағдарланған 7226 11 900 түйіршікті электр- техникалық кремнийлі болаттан жасалған жалпақ прокат"; 2) 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"экспорты Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес экспортқа арналған құжаттар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі (8-қосымша)".
3) 3-тармақта:
"тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар" деген сөздерден кейін ", экспортқа құжаттар" деген сөздермен толықтырылсын;
"2-6 деген цифрлардан кейін ",8" деген цифрмен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулының
күшіне енгендігі туралы ЕҚ-ны хабардар етсін және Еуропалық Қауымдастық комиссиясына пайдаланылатын мөрлер мен қол қою үлгілерін қоса алғанда, экспортқа арналған құжаттарды беруге және тексеруге уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының құзыретті органдарының атаулары мен мекен-жайларын жіберсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.