Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 қыркүйек N 1477

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 512-32-жолмен толықтырылсын:
      "512-32 "Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 500 P990500_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 164-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет,

ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің қарауындағы 
ұйымдардың тізбесіндегі:
     "Театрлар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен 
толықтырылсын:
     "9-1. Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     
Оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Омарбекова А.Т.