Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Қоғам") Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен тартылатын мемлекеттiк емес заемның есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының газ-көлiк және электр энергетикасы салаларындағы "Трактебель С.А." компаниясының активтерiн сатып алу жобасы басымдықты инвестицияльқ жоба ретiнде мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
кредиторларға "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Z990473_ Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген мемлекеттiк кепiлдiктерді беру лимитiнiң шегiнде 100 000 000 (жүз миллион) АҚШ доллары мөлшеріндегі негізгі борышты, сондай-ақ кепілгердің төлеуіне жататын пайыздарды және өзге де төлемдерді қамтитын сомаға тартылатын заем бойынша Қоғамның міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiн берсiн;
Қоғаммен көрсетiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiн беруге байланысты оның Қазақстан Республикасының алдында туындайтын мiндеттемелерiн қамтамасыз ету туралы тиiсті келiсiм жасассын.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.10. N 1694
қаулысымен. P001694_
3. Қоғам заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кепiлдiктi алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптарды орындауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы N 953 P000953_ қаулысына:
1-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғамның заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғам сатып алатын Қазақстан Республикасының газ-көлiк және электр энергетикасы салаларындағы "Трактебель С.А." компаниясының 100 миллион АҚШ доллары мөлшерiндегi активтерiн төлеудi қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепілдiгiмен мемлекеттiк емес заемды тарту туралы ұсынысы".
2)
ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың 2) тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің
2000.12.30. N 1963 қаулысымен.
5. "ҚазТрансГаз" ЖАҚ-ның мемлекеттiк емес сыртқы заем тартуының
жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы
11 тамыздағы N 1236
қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.