Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Алатау" баспа-полиграфиялық корпорациясы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны:
1) аудандық баспаханалардың мүлiктiк кешендерiн бөлу және олардың базасында "Алатау" баспа-полиграфиялық корпорациясы" ашық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Алатау" БПК" ААҚ) құру;
2) қалалық баспахана мүлiктiк кешенiн бөлу және оның базасында құрылтайшылар құрамына 30 пайыздан аспайтын қатысушы үлесiмен "Сын" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiн енгiзе отырып, "Алматы-Болашақ" жабық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Алматы-Болашақ" ЖАҚ) құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi:
1) "Алатау" БПК" ААҚ мен "Алматы-Болашақ" ЖАҚ-ның жарғыларын бекiту кезiнде олардың негiзгi қызмет түрлерiн анықтасын және олардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) "Алатау" БПК" ААҚ мен "Алматы-Болашақ" ЖАҚ-ның акцияларының мемлекеттiк пакеттерiнiң олардың жарғылық капиталдарының 33 пайызы мөлшерiндегi бөлiгiн жекешелендiрудi жүзеге асырсын;
3) "Алатау" БПК" ААҚ мен "Алматы-Болашақ" ЖАҚ акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асырушы уәкiлеттi орган етiп Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiн белгiлесiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 P990405_ қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен олардың үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзбесіндегi:
"Алматы қ." бөлiмi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 293 және 293-1-жолдармен толықтырылсын:
"293. "Алатау" БПК" ААҚ;
293-1. "Алматы-Болашақ" ЖАҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану құқығы берiлетiн салалық министрлiктер тiзбесiндегi:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгi" бөлiмi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-1 және 224-2-жолдармен
толықтырылсын:
"224-1. "Алатау" БПК" ААҚ;
224-2. "Алматы-Болашақ" ЖАҚ";
3) "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк объектiлерiн
жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998
жылғы 10 желтоқсандағы N 1271
қаулысындағы:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындарға жатқызылған кәсiпорындар тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 4-жол
алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.