Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар
конкурстарын өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы N 667
қаулысына
мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар
конкурстарын өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының
Экономика вице-министрі;
Аққайсиева Айзада Үмбетқызы - Қазақстан Республикасының
Экономика министрлігі
Инвестициялық саясат
департаменті Сыртқы көмекті
үйлестіру басқармасы бастығының
орынбасары
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Омарбекова А.Т.