Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 22 қыркүйек N 1439

Қолданыстағы
      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Z952200_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 P951127_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

     көрсетілген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу 
құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ережедегi:
     3-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Бүкiл кезең бойы тиiстi кәсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға 
лицензия беру үшiн лицензиялық алым қосымшаға сәйкес ставкалар бойынша 
лицензия беру сәтiне бiр жолғы тәртiпте жүзеге асырылады.".
     6-тармақ алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.Н.