1. "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438 P991438_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 440-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбiндегi:
2-тармақтағы 9) тармақшада "өнiмдерiн" деген сөзден кейiн "оқу-әдiстемелiк әдебиеттi сатудан алынатын қаражат; тәрбиеленушiлердiң оқу-өндiрiстiк шеберханалардағы, қосалқы шаруашылықтардағы, кәсiпорындар мен басқа да ұйымдардағы жұмысы үшiн алынатын қаражат; мектептер мен мектеп-интернаттарының оқушылардың тамақтануы үшiн ата-аналардан алатын қаражаты; мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң қарамағындағы асханалар ұсынған тамақтану үшiн оқушылардан түсетiн төлем; оқушылардың жұмысы үшiн
мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi кәсiпорындардан алатын қаражат; мектеп жанындағы күндiзгi лагерьлерде балалардың болғаны үшiн ата-аналардан мектептер алатын қаражат" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.Н.